2016 жылдың 18 қарашасында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде салтанатты және мерекелі жағдайда «Үздік салық төлеушісі» және «Үздік СЭҚ қатысушысы» байқауының әр алуан номинациясының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Марапаттау рәсіміне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - Тимур Жанке, Жамбыл облысының «Атамекен» ұлттық-кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы - Бағила Абдулдаева және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Байқаудың басты мақсаты – әр түрлі салада жұмыс атқаратын жеке кәсіпкерлер мен компаниялардың жетістіктерін атап өту, бизнесті адал, айқын және сауатты жүргізуге талпындыру. Жамбыл облысының экономикалық өсуіне ықпал етететін жеке кәсіпкерлер мен компаниялардың қызметіне жұртшылықтың назарын аудару.
Іріктеуге негіз болған, салық түсімінің тұрақты қарқыны, бюджетке салықтың және басқа да міндетті төлемдердің уақытында және толық төленуі, кәсіпкерлік субъектілердің салықтық міндеттерін шынайы орындауы себеп болды.
Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау кезінде құттықтау сөз сөйлеген Департамент басшысы - А. Тынысбеков пен Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - Т. Жанке, Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауынан және басқа да мемлекет тарапынан кәсіпкерліктің көкжиегін арттыруға бағытталған қолдаулары халықтың өз бетімен жұмыс жасап, еліміздегі орта және шағын бизнесті дамытуға қарқын беріп келе жатқанын тілге тиек етті.
Үздік деп танылған номинаттарға дипломдар мен «Үздік салық төлеушісі» және «Үздік СЭҚ қатысушысы» естелік белгілері салтанатты түрде тапсырылды.
Осы байқаудың қорытындысы бойынша әр түрлі номинацияда үздік салық төлеушілері болып:
– жеке кәсіпкерлер арасынан - С. Полывода /Тараз қаласы/, А. Амитов /Сарысу ауданы/, К. Кенжебаев /Мойынқұм ауданы/, П. Пономеренко /Тараз қаласы/, Д. Пузиков /Қордай ауданы/, А. Аубакирова /Мойынқұм ауданы/, Б. Есдаулетов /Тараз қаласы/, И. Закрияев /Шу ауданы/ саналды.
- заңды тұлағалар ішінен - «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-і /Т. Рысқұлов ауданы/, "Kaz-Ir Agro" (Каз-Ир Агро) ЖШС-і /Шу ауданы/, «Сауда-Сервис» ЖШС /Шу ауданы/, «Амир және Д» ЖШС-і /Тараз қаласы/, «Жамбылхимстройинженеринг» ЖШС-і /Тараз қаласы/, Шу орталық аудандық ауруханасы /Шу ауданы/, "Кнауф-Гипс-Тараз" ЖШС-і /Жамбыл ауданы/ және «Орталық азия қант зауыты» ЖШС-і /Тараз қаласы/ үздік салық төлеушілері ретінде танылды.
Марапаттау рәсімінен кейін Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы - А. Тынысбеков барлық номинанттарды мемлекеттің даму игілігіне жұмыс жасауға шақырды.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстарын жүргізу басқармасы