2014 жылдын 1 шілдесінен бастап салық Кодексіне өзгертулер енгізілді, шот-фактураларды ерікті негізде электронды түрде жүргізу мүмкідігі пайда болды. Шот-фактураларды нысандары және құжаттар айналымы туралы тәртібі бекітілді. Яғни, 12 баптың 1 тармағының 45-1) тармақшасына «электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі» – деген түсінік пайда болды.
ЭШФ жазбасы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) жүргізіледі, оның әкімшісі болып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті болып табылады. ЭШФ АЖ ақысыз негізде жүзеге асырылады. ЭШФ жазып беру үшін ЭШФ АЖ-ға тіркелу және ЭШФ АЖ-ның қатысушысы болу қажет.
Егер сіз бір шот-фактураны қағаз тасығышта да, сондай-ақ электрондық түрде де жазып берген жағдайда, түпнұсқа (төлнұсқа) болып ЭШФ АЖ-ға қамтылған құжат табылады. ЭШФ-нің қағаз тасығышта немесе электрондық түрде көшірмелері болуы мүмкін. ЭШФ салық заңнамасымен белгіленген қуыну мерзімінің өтуі ішінде ЭШФ АЖ-да сақталады және рұқсат берілмеген кіруден қорғалған.
ЭШФ-ны жазудағы артықшылықтар.
•ЭШФ-ны жазып беру мерзімін 5 күнді құрайтын қағаз тасығышта шот-фактуралардың жазылу мерзімімен салыстырғанда 10 күнге ұлғайту.
•ЭШФ-ны шетел валютасында жазып беру мүмкіндігі.
•Өз қызметкерлеріне шот-фактураларды жазу бойынша құқықтарды табыстау мүмкіндігі.
•Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жазып берген ЭШФ-ны басқару мүмкіндігі.
•Егер Сіз барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда, іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.07).
•Егер Сіз барлық шот-фактураларды электрондық түрде жазып берген жағдайда, іске асырылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша тізілімді ұсынбау мүмкіндігі (300.08).
•Мөр дайындауға қағазды үнемдеу және қаражатты үнемдеу.
•Алушыға ЭШФ-ны орналасқан орнына қарамастан жедел жеткізу, сондай-ақ сатып алушы мен өнім беруші арасында ЭШФ АЖ-да хабарларымен тез алмасу мүмкіндігі.
•Қателерді болдырмау мүмкіндігі, өйткені ЭШФ АЖ форматтық – логикалық бақылауға тексеру жүргізеді.
•Жеке алғашқы бухгалтерлік құжаттарды қосымша ресімдеуді болдырмау (тауарлық – көліктік жүкқұжат, төлемге арналған шоттар, сондай-ақ ЭШФ-да шарттың жеке деректемелерін көрсету мүмкіндігі).
•Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, ЭШФ АЖ-ден «Қазынашылық-клиент» АЖ-ге төлеуге арналған шотты автоматты қалыптастыру, бұл төлемге электрондық қаржы құжаттар қозғалысының ашықтығын қамтамасыз етеді.
ЭШФ нысаны туралы қысқаша
•ЭШФ-ның нысаны www.salyk.kz сайтында орналастырылған электрондық түрде жазып берілетін шот-фактуралардың құжат айнамалы қағидаларымен бекітілген.
•Толтыру үшін міндетті бөлімдер болып мыналар табылады: «ЭШФ туралы жалпы ақпарат» А бөлімі; «Өнім берушінің деректемелері» В бөлімі; «Алушының деректемелері» С бөлімі; «Тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша деректер» G бөлімі. Егер Сіз ЭШФ-ны мемлекеттік мекеме атына жазып берген жағдайда «Мемлекеттік мекеме деректемелері» F бөлімі қосымша толтырылады.
•ЭШФ-ның баспа нысанында міндетті бөлімдер көрсетіледі. Егер осындай бөлімдерді ЭШФ АЖ-нің қатысушысы толтырған жағдайда міндетті емес бөлімдер көрсетіледі.
•ЭШФ-ның нысаны бірлескен қызмет туралы шарт шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ЭШФ-ны жазып беруге және алуға мүмкіндік береді.
Жиі қойылатын сұрақтар
•ЭШФ-ны қайтарып алу оның күшін жоюдан немен ерекшеленеді?
ЭШФ-ны қайтару оның қайтарылып отырғанының орнына түзетілген құжат жабасын беруді көздейді. Қайтару, егер бұрын жіберілген ЭШФ алушыға қате жазып берілген және құжатты өнім берушінің шот фактуралары тізілімінен алып тастау қажет болған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін.
•Қандай жағдайларда ЭШФ-ның күшін жою жүргізіледі?
Өнім берушіні және тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (немесе) сатып алушыны ауыстыруға әкеп соқпайтын бұрын жазып берілген шот-фактурадағы қателерді түзету қажет болған жағдайда Салық кодексінің 263-бабының 14-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келуі тиіс түзетілген шот-фактураны жазып беру жүргізіледі. Түзетілген ЭШФ жазып берілген жағдайда ЭШФ АЖ-ның жүйесінде бұрын жазып берілген ЭШФ автоматы түрде жойылады.
•Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушы ЭШФ-ны алғанын растауға міндетті ме?
ЭШФ жазып берілген кезде алушыдан растама қосымша, түзетілген жазбалар болған кезде және/немесе ЭШФ-ны кейін қайтару кезінде ғана талап етіледі. ЭШФ жазып берілген кезде алушыдан растама талап етілмейді.
•Кәсіпорынның басшысы болып табылмайтын қызметкер кәсіпорын атынан ЭШФ-ны жазып бере алады ма?
Заңды тұлғалар электрондық түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалатын сенімхат негізінде уәкілетті тұлғаны, оның ішінде ЭШФ АЖ-ның жұмыс істеуі үшін осындай заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін айқындауға құқылы. Бұл ретте уәкілетті тұлға ретінде заңды тұлғаның немесе құрылымдық бөлімшенің қызметкері айқындалуы мүмкін.