Жарияланған күні: 25.08.2015 12:33
Өзгертілген күні: 25.08.2015 12:35

2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы Келісім-шартына сәйкес бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды импорттау кезінде, егер тауарларды акциздік маркаларды (есепті-бақылау маркалары, белгілері) таңбалауға қатысты осы мүше мемлекеттің заңнамасында көзделмесе, тауар импортталатын мүше мемлекеттің салық органымен жанама салықтар өндіріп алынады.

Қырғызстан Республикасының  2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразия экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы 2015 жылдың 12 сәуірінде күшіне енді.

Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей қағаз нұсқасында және электронды түрде не тек электронды түрде импортталған тауарлар бойынша жанама салық туралы декларацияны тапсыруға міндетті.  

Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушінің тұрған жері (тұрғылықты жері) бойынша келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей төленеді.

Аталған декларациямен бір уақытта салық төлеуші Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішті қағаз нұсқасында (төрт данада) және электронды түрде не тек электронды түрде салық органдарына ұсыну қажет.

Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі (жанама салықтарды төлеу туралы банктің түбіртек, тауарға ілеспе құжаттар, келісім-шарт (мәміле), счет-фактуралар және т.б.). Декларация мен арызды электронды түрде тапсырған уақытта аталған құжаттар тапсырылмайды.

       Импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық түрдегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық түрдегі өтінішті (өтініштерді):

-                      Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына қосылған құн салығын төлеуден босатылған және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар;

-                      тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде;

импортталған тауарлар есепке қабылданған ай өткеннен кейін шартқа (келісімшартқа) қатысушылар осындай тауарлардың бағасын ұлғайту жағына өзгерткен жағдайда, салық салынатын импорттың мөлшері тиісті түрде түзетіледі.

Қосымша ақпарат www.kgd.gov.kz сайтында немесе салық төлеушінің тұрған жері (тұрғылықты жері) бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларынан алуға болады.

Жамбыл облысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының байланыс телефондары

Жамбыл ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (726233) 2-16-00

Жуалы ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (726235) 2-18-71

Қордай ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (726236) 4-24-96

Т.Рысқұлов ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (726231) 2-13-08

Меркі ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (726232) 2-20-95

Мойынқұм ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (726242) 2-41-36

Байзақ ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (726237) 56-86-20

Сарысу ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (726234) 6-33-22

Талас ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (726244) 6-10-60

Шу ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (726238) 3-17-67

Тараз қаласы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасы

8 (7262) 43-15-44

     25 августа 2015 года в 15-00 час  в актовом зале ДГД по Жамбылской области  состоится семинар-совещание  с  руководителями рынков на темы «Особенности обложения налогом на добавленную стоимость при экспорте и импорте товаров,  выполнений работ, оказании услуг в Таможенном Союзе» и «Администрирование деятельности по обороту алкогольной продукции для субъектов малого, среднего и крупного предпринимательства»