Құрметті салық төлеушілер!
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2015 жылғы 1 шілдесінен бастап Салық кодексінің 645-бабының 1 тармағына сәйкес бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудамен өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеушілер ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – БКМ) қолдануы міндетті екенін хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №1393 Қауылысымен ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға (бұдан әрі –фискальдық деректер операторы немесе ФДО) ретінде «Қазақтелеком» АҚ айқындалды
Фискальдық деректер операторы құқығында және салық төлеушілерді ақпарат-консультациялық қолдау үшін www.oofd.kz ФДО порталы, сондай ақ (590051 нөмірлі сымтетік – қоңырау соғу тегін ) Call-орталығы құрылды. ФДО қосымша сымтетік нөмірлері: 87172-559056/559057/554983/559078.
Мәліметтерді жедел режиміде белгілеу және жолдауға арналған БКМ-ды тіркеу есебіне қою, сонымен қатар оларға модернизация жүргізу немесе сатып алу, пайдалану және техникалық қызметтерін ұсыну туралы ақпаратты Сіздер салық салу объектінің орналасқан жеріндегі аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларынан білуіңізге болады.