Жарияланған күні: 30.11.2016 18:25
Өзгертілген күні: 30.11.2016 18:29

     2016 жылдың 29-қарашасында Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мәжіліс залында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімің қатысуымен мүлікті жария ету мәселесіне қатысты брифинг өткізілді.

     Брифингтің алғашқы сөз тізгінін Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Г. Джигитекова алып, жиналған қауымға Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-Болашаққа бастар жол» жолдауынан бастап, «Нұрлы жол «Жаңа экономикалық саясаты» – әлемнің 30 дамыған елі қатарына бой түзеуіміздің ғаламдық қадамы» екендігін атап өтті. Бұл бағыттағы елеулі қадамдардың бірі – кезекті мүлікті жария ету науақанын өткізу екені даусыз. «Қазақстан Республикасының азматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазасқтан Республикасының Заңына сәйкес, мүлікті жария ету науқанының аяқталуына бір ай ғана уақыт қалғанына журналистердің назарына салды.

     Одан әрі сөз кезегін жалғанан Тараз қаласы бойынша МКБ «Жеке тұлғаларды тіркеу, ақпаратын қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы Р.Қуаныш брифинг қатысушыларына арнап мүлікті жария ету науқандарын өткізудегі әлемнің бірқатар елдерінің тәжірибесі туралы баяндамасын жасады. Сондай-ақ, Қазақстан аумағынан тысқары орналасқан жылжымайтын мүлікті, қаражатты жария ету шараларын жүзеге асыру мемлекеттік кірістер органдарына жүктелгендігін айтып, жария етуге қатысты құжаттар мен жария ету үдерісінің жүргізілу тәртібімен таныстырды. Сонымен қатар, 29.11.2016ж. жағдайына 77 тараздықтың 9,1 млрд. теңгені заңдастырғанын паш етті.

     Бұдан кейінгі сөзді Тараз қаласы әкімдігінің жанынан құрылған мүлікті жария ету комиссиясының хатшысы А.Калмаханбетова жалғастырып, брифинг қатысушыларын ҚР аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария етуге қатысты құжаттар тізімі, жария ету өтініштерінің толтырылу үлгісі мен комиссияның шешім қабылдау үдерісі туралы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, 29.11.2016 ж. жағдайына Тараз қаласы бойынша 1915 өтініш бойынша құны 17,1 млрд.теңгені құрайтын мүліктің жария етілгенін қуанышпен жеткізді.

     Мүлікті жария етуге қатысты брифинг қатысушыларын толғандырған сұрақтарына жауап берілген соң, Тараз қаласы бойынша МКБ басшысының орынбасары Г.Джигитекова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне риясыз ізетін білдіріп, 2020 жылдан бастап жалпыға бірдеу декларациялау қарсаңында осындай тамаша науқанды пайдалана отырып, өздерінің «көлеңкелі қаражаттары мен мүліктерін» жария ету мүмкіндігі бар екендігі туралы жамағатқа насихат жұмыстарын жүргізуге ат салысуға шақырды.