Мұнай өнімдері нарығы субъектілерінің назарына!
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2011 жылғы 20 шілдедегі №463- IV «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі – Заң) мұнай өнімдерін өткізуді және (немесе) жөнелтуді есепке алатын бақылау аспаптары арқылы міндетті түрде өткізуілеріне 6 айдан аз уақыт қалғандығын яғни, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған Заң ережерінің күшіне енетіндігін хабарлайды.
Сонымен қатар Заңның 8 тармағының 12-1 тармақшасына сәйкес «Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының және автожанармай құю станцияларының (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) резервуарларын есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру бойынша қағидалар және талаптар» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы бұйрығы бекітілген.
Мұнай өнімдерін өндірушілердің, мұнай берушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сауда арқылы берушілердің немесе мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізушілердің мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылайтын есепке алу аспаптарынсыз (БЕА) не БЕА-дан айналып өтіп өткізуі және (немесе) жөнелтуі үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын хабарлаймыз:
-әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері және (немесе) құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1177 қаулысыменен «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы мұнай өнiмдерiнiң өндірісі мен айналымы саласында есептеуіш бақылау аспаптары деректерінің операторы болып белгіленгенін хабарлаймыз.
Барлық сұрақтар бойынша Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің акциздерді әкімшілендіру бөліміне, 568539 үн сандық арқылы хабарласуыңыздарға болады.