Мүлікті жария етуді өткізуді ұйымдастыру және оның тәртібі жөніндегі жалпы ережелер.
Жылжымайтын мүлікті осы Заңның 11-бабына сәйкес жария етуді және осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлікті жария ету салық органда жария ету субъектілерінің ( азаматтар - тіркелген жері бойнша, заңды тұлғалар - мемлекеттік тіркелген бойынша) мынадай құжаттарды:
- Осы Заңға 1-ші немеме 2-ші қосымшаға сәйкес нысанда мүлікті жария етуге өткізуге екі дана өтінішті;
- алымның төленгенін растайтын;
- жеке басын куәландыратын құжатты, ал заңды тұлғаның өкілдері-жарғының (ереженің), заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелген туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің нотариат куәландырған көшірмелерін және олардың өкілеттігін растайтын құжаттарды;
- осы Заңды өзге де құжаттарды беруі арқылы өткізіледі.
Шет тілде ресімделген құжаттар мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармасымен табыс етілуге тиіс.
Жария ету субъектілері жария етілетін мүліктің құнын дербес анықтайды.
Осы бабтың 5-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жария ету субъектілері мүлікті жария ету мерзімі ішінде мүліктің белгілі бір түріне қайтадан өтініш беру құқылы емес.
Мүлікті жария етуге табыс етілген құжаттар себептері көрсетіліп:
- осы Заңда белгіленген құжаттардың толық емес топтамасы табыс етілген;
- табыс етілген құжаттарда өшіріп тазалау мен түзетулер болан;
- алым сомасы дұрыс есептелмеген;
- табыс етілген құжаттар осындай құжаттарға Қазақстан Республикасының заңнамасында қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда кайтарылуға тиіс.
Мүлікті жария етуге табыс етілген құжаттарды қайтаруға негіз болған себептерді жойған кезде, түлға осы Заңда мүлікті жария етуге қайтадан өтініш беруге құқылы.
Жария етілген мүлік жөніндегі мәліметтер осы Заңға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жария етілген мүлік тізіліміне енгізіледі.
Осы Заның 11-бабына сәйкес жария етілетін жылжымайтын мүлікті, осы Заңны 8 бабыда белгіленген жағдайларды қоспағанда, мүлік өтініш қабылданған кезден бастап жария етілді деп танылады.
Жария етілетін мүлік жөнінде табыс етілетін мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жария ету су