Мүлікті жария ету жалғасуда
Жария етудің негізгі принциптері көлеңкелі экономикадағы көлемді шығарып, мемлекеттің экономикасына қосымша мүліктер мен құралдарды енгізу.Жарияланған мүліктер мен ақшалар салық салу объектісі болып табылмайтындықтан, табыс салығы ұсталмайды.Жария етуші субъектілер бірқатар бабтар бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады;
2015 жылдың 30 қарашасынан бастап, мүлік жария ету рәсімі мәнді түрде оңайтылды.Ақшаны жария еткенде бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Енді ақшаны екі әдіс арқылы заңдастыруға болады. Біріншісі: банктегі шотта көрсетуге және өзіңіз үшін кез келген мұқтаждықтарына пайдалануға болады, мысалы бизнеске салуға, жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе жай шоттан алуға. Осы бар жасалған әрекеттерден, 10 пайыз алым төленбейді.
Екіншісі: банк шотында көрсетпей-ақ, Қазақстан аумағындағы немесе шетелдегі ақша айналымын арнайы декларацияда көрсету арқылы. Ол кезде ақша айналымының 10 пайызы алым ретінде төленеді.
Атап өткен жағдайлардың барлығында, жария ету субъектісі Мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны табыс ету арқылы жария ете алады. Жария ету субъектілеріне ыңғайлы болу үшін «бір терезе» қағидаты іске асырылды, сол арқылы мемлекеттік кірістер органдарына бармай, мүлікті жария ету алымының төлеуге тиесілі сомасын банк арқылы төлеген кезде, азаматтарда тиісті декларацияны және оған ілеспе құжаттардың жөнелтуін жүзеге асыруға мүмкіндік туылды.
Екіншіден, мүлік жария ету рәсімі мәнді түрде оңайтылды. Енді, Қазақстан аумағында орналасқан және құжаттары дұрыс рәсімделген жағдайда мүлікті заңдастыру үшін тек қана Мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны тапсыру керек. Сонымен қатар, осы ереже мүлік шет мемлекетте орналасқан жағдайда да қолдануға болады.
Қазақстан аумағында орналасқан және құжаттары дұрыс рәсімделген жағдайда мүлікті заңдастыру үшін тек қана Мемлекеттік кірістер органдарына тиісті декларацияны тапсыру керек. Жария ету субъектісі, жергілікті әкімшіліктің ішінде құрылған комиссияларға тек қана Қазақстан Республикасында орналасқан және құжаттары дұрыс емес рәсімделген жылжымайтын мүліктері бойынша ғана жүгінеді.