Жарияланған күні: 07.06.2016 12:46
Өзгертілген күні: 07.06.2016 12:53

«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»

    Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес  елімізде 4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленген, осы мерекеге байланысты, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары Құдайбергенов Нұрғали Сапаралиұлы  және департамент қызметкерлерінің қатысуымен  салтанатты түрде жиналыс өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

Жиналыстың  басында  Қазақстан Республикасының Гимні орындалды.

 

     Түсіндіру жұмыстарын жүргізу басқармасының басшысы Майханова Алмагүл Сембекқызы Мемлекеттік рәміздер күніне арналған баяндамасында, яғни, 1992 жылы Республика Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітілгенін, ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленгенін  айтып өтті.

  http://kargoo.gov.kz/media/img/site/kargoo/symbols-flag.jpg

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туына тоқталып өтті – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. Мемлекеттік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күнарайқыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiкынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің жылдық мерекесіне орай ұлттық нышанымыз-    Тудың түсі көк болуы – бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен, аспан ешқашан бөлінбек емес. Ал, күнге келер болсақ, ол да жапанға ортақ нәрсе. Күн жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Қазақ халқы қашан да қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние бұл. Оған қоса туда қазақтың  ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Қазақстан туы халықаралық жиындар мен бас қосуларда, Республика президентінің шет елге шыққан сапарында, сонымен қатар биылғы Лондан қаласында өткен 30-шы жазғы  олимпиада да еліміздің туы жеті мәрте көтерілгенде әр қазақстандықтың бойында «біздің қазақ халқының туы» деген мақтаныш сезім билегені айдан анық екеніне тоқталып өтті.

 http://kargoo.gov.kz/media/img/site/kargoo/symbols-gerb.jpg

Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасына тоқталып өтті — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемлекеттік гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов.

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранына да тоқталып өтті.   Біріншіден, әнұранда ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілуі тиіс. Екіншіден, мәтінде сол ата-бабалардан қалған асыл мұрамыз-жеріміздң кең-байтақтығы орын алуы керек. Үшіншіден, еліміз бен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыз- дың болашағына жарқын жол ашатыны да айқын көрініс тапқаны жөн. Ең бастысы, біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі- ел бірлігі баса көрсетілуі керек»- деп болашақ әнұран мәтініне енген өз жобасын көрсетті.

Осыдан кейін жобаны талқылау кезінде, депутаттар ұсынысымен парламент әнұран мәтінінің авторлары Ж. Нәжімеденов пен Н. Назарбаев екенін айғақтайтын шешім қабылдады.  «Менің Қазақстаным» әні жарты ғасыр бойы елмен бірге жасап, елмен бірге мұңайып, елмен бірге қуанып келеді. Әр шаңырақтың, ел шаттығының жалауына айналғанын айтып өтті.

      Сонымен қатар, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған видероликтер көрсетіліп, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары Н.С. Құдайбергенов Мемлекеттік рәміздер күніне арналған жиналысты өз сөзінде  ҚР-ның Ата заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» делінген. Олай болса, рәміздерді құрметтеу- әрбір қазақстандық азаматтың міндеті екеніне тоқталып өтті.

 

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жетекші  маман Жұмабаева Жанар