
Республика күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті:
"Парасат" орденімен Ақмола облысы бойынша МКД басшысы Дулат Нұрахметұлы Нұрмулдин наградталды.
"Құрмет" орденімен наградталғандар:
- Ибрайым Әлібек Бекенұлы, ҚР ҚМ МКК мамандандырылған департаментінің директоры
- Козбеков Талғат Жапарханұлы, Жетісу облысы бойынша МКД басшысы
- Байтелиев Даркен Бекниязұлы, Шымкент қаласы бойынша МКД "Ауежай-Шымкент" кеден бекетінің жетекші маманы
- Өтегенов Нұрым Әбілұлы, Алматы қаласы бойынша МКД ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы
- Манзоров Серік Бағдатұлы, Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысы
- Садиров Аманқұл Раушанұлы, Алматы қаласы бойынша МКД-нің Жетісу ауданы бойынша МКБ басшысы
«Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталғандар:
- Ахметова Рашида Наурызбекқызы, ҚР ҚМ МКК алдын ала тексеру актілерін қарау басқармасының басшысы
- Серікбаева Майра Тілеуғабылқызы, ҚР ҚМ МКК талдау және статистика басқармасының басшысы
- Кушалиева Урнай Капсыиковна, Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) елдік және жобалық менеджменті, сауда рәсімдерін жеделдетіп жеңілдету бағдарламасы
- Меруерт Қабдырашитқызы Сисембаева, ҚР ҚМ МКК берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары
- Исмагулов Қадыр Рыспанұлы, ҚР ҚМ МКК аудит департаментінің директоры
- Өтепбаева Расима Кабировна, ҚР ҚМ МКК жер қойнауын пайдаланушыларды салықтық бақылау басқармасының бас сарапшысы
- Жалитов Арман Әбілтайұлы
- Алғазиев Ермек Алғазиұлы, Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД-нің Бөрлі ауданы бойынша МКБ басшысы
- Жүсіпова Ғалия Сейтбаталқызы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша МКД статистика және тәуекелдер басқармасының басшысы
- Қалиев Алматы Серікұлы, Алматы облысы бойынша МКД басшысының орынбасары
- Құрманғазина Айгүл Елубайқызы, Ақтөбе облысы бойынша МКД тауарларын шығарғаннан кейін кедендік бақылау басқармасының бас маманы
- Шетенова Майнура Талғатқызы
- Суанбаев Жанат Назарұлы, Түркістан облысы бойынша МКД "Б.Қонысбаев" кеден бекетінің бас маманы.