Бүгін, 2017 жылдың 25 мамырында Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Көлеңкелі бизнес, жалған кәсіпкерлік» және «Шетелдік қаржыландырудың мәселелерінің мониторингі» тақырыптарында брифинг өтті.
Брифингке Жамбыл облысы бойынша МКД басқарма басшылары Олег Моисеевич Пак, Төлеби Советбекұлы Шманов, Өмірзақ Сайлауұлы Қоспанов және бас мамандары Дияс Ағыбай Диясұлы, Лайла Майлыбайқызы Смағұлова қатысты.
Брифингте негізгі тақырыптармен қатар «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясы да жарықтандырылды.
Түсіндіру жұмыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ө. Қоспанов «Чек талап ет – жүлде ұтып ал!» Акциясының мақсаты азаматтардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелері бойынша құқықтық мәдениетін тәрбиелеу болып табылатынын атап өтті.
Брифинг соңында Департамент қызметкерлері қатысып отырған БАҚ өкілдерінің барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.