Жарияланған күні: 24.03.2017 18:08
Өзгертілген күні: 27.03.2017 15:24
Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысындағы тауарларды дұрыс жіктеудің келелі мәселелері.
 
     Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай - бағдарлама)  «Қазақстан - 2050» Стратегиясының ұзақ мерзімдік басымдылығына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға дейінгі Стратегиялық даму бағдарламасының «Экономиканы әртараптандыруды жылдамдату» түйінді бағытын іске асыру, Қазақстанның 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіру тұжырымдамасымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің XXVI отырысында Елбасымен берілген тапсырмаларды орындау мақсатында, және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған 2014 жылғы 17 қаңтардағы  «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын жүзеге асыру аясында құрылған. 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы Елбасының   Қазақстан халқына арналған 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа арналған жол» Жолдауын жүзеге асыру аясында құрылды.
     Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасының, оның жүзеге асу тәжірибесі мен Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бөлігі екенін ескерсек, қисынды жалғасы болып табылады.
     Сонымен,  Жамбыл  облысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен «Казфосфат» ЖШС филиалының базасында іске қосылған «Минералды тыңайтқыштар зауыты» экстракты фосфор қышқылы өндірісі іске қосылды. Бұл жоба Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында орындалды. Экстракты фосфор қышқылы өндірісін жаңғырту барысында, экстракты фосфор қышқылын алудың жаңа дигидратты үдерісі енгізілді. Жобада технологиялық үдерісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді.
     Экстракты фосфор қышқылы өндірісін жаңғырту:
  • Өндірістің қуаттылығын  жылына 220 мың тоннаға 100% Р2О5 дейін арттырады  және осыған сәйкес 500 мың тонна минералды тыңайтқыш өндіріледі.
  • ҚР ауылшаруашылық өндірушілерінің қиын минералды тыңайтқыш өндіру туралы сұранысын қанағаттандырады.
  • Барлық деңгейдегі бюджеттің түсуін кем дегенде 3 есеге арттырады.
  • Тауар айналымын өсіреді және импорт пен экспортты әртапартандыруға мүмкіндікті жоғарылатады.
     Экстракты фосфор қышқылы өндірісін жаңғырту үшін «Казфосфат» ЖШС-мен жоғарғы технологиялы құрылғылар мен қондырғылар импортталды. «Казфосфат» ЖШС-мен әкелінген құрылғыларды ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына сәйкес дұрыс жіктеу үшін,  «Таурларды жіктеу бойынша алдын ала шешім қабылдау» мемлекеттік қызметінің стандарты бойынша алдын ала шешім қабылдау туралы өтінішімен Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне бірнеше рет  жүгінді. Аталған тауарлар ҚҚС әдісі бойынша төлеуге жататын тауарлар тізіміне кіру мүмкіндігінің болуына байланысты, тауарларды дұрыс жіктеу маңызды болып табылады.
     ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарларды жіктеу рәсімі ҚР мемлекеттік кірістер органдарының құзырына кіріп, Департаменттегі аталған рәсімге  жауапты мамандардан  кәсібилікті және біліктілікті, сондай-ақ кең ой-өрістілік пен білімділікті талап етеді. Себебі, өтініште көрсетілген тауарлар өндірістік және технологиялық құрылғылардың техникалық құрылысын ұғынып әрі қарай оларды дұрыс жіктеу оңайға соқпайды.
     Алдын ала шешімдер заңнамамен бекітілген мерзімде беріліп, осыған орай импортталатын тауарларды шығаруға байланысты барлық кедендік ресімдер мерзімінде аяқталды.
     Өндірісті өңдаудегі отандық экспортерлардың жеке экономикалық секторларын қолдау бойынша шараларды жүзеге асыру мен басқа да іс-шаралар өндірістің көлемін жұмыс орындарын өсіруді қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда инфрақұрылымды дамыту мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетудегі мемлекеттік инвестицияларды көбейту арқылы Бағдарламаны жүзеге асыру,  қысқа мерзімде экономикалық өсуге мүмкіндік тудырып қана қоймай,  ұзақ мерзімді болашақ пен тұрғылықты өсімді қалыптастырады.