Құрметті салық төлеушілер!
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭС) туралы Шарттың 72-бабының 6-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес мүше мемлекеттің аумағына жеке тұлғалар кәсіпкерлік қызмет мақсатында әкелмейтін тауарлардың импорты кезінде жанама салықтар алынбайды.
Салық кодексінің 276-2-бабының 2)-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын көлік құралдарын импорттайтын жеке тұлға Кеден одағында қосылған ҚҚС төлеушілер болып табылады.
Бұл ретте Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта аталған Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.
Демек, 2015 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы аумағына ЕАЭС мүше мемлекеттер аумағынан жеке тұлғалармен кәсіпкерлік қызмет мақсатында әкелмейтін тауарлар, о.і. көлік құралдары импорты жанама салықтар салуға жатпайды.