Жарияланған күні: 04.10.2023 11:27
Өзгертілген күні: 04.10.2023 11:27

Осымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі оңалту және банкроттық саласында кәсіби біліктілік жөніндегі салалық кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құру туралы хабарлайды.

Кеңес құрамына қосылу үшін Кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестерді құру қағидаларын айқындау және олардың үлгілік ережесін бекіту қағидаларының (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 378 бұйрығымен бекітілген) 9-тармағына сәйкес мүдделі тұлғаларға келесі құжаттарды ұсыну қажет:  

1) жазбаша өтініш (өтініш нысаны Қағидалармен бекітілген);

2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес тиісті саладағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат.

Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2023 жылдың 11 қазанына дейін.

Өтінішті құжаттармен қоса Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11  мекен-жайы бойынша қолма-қол тапсыруға немесе b.kandilda@kgd.gov.kz и ai.isabekova@kgd.gov.kz  электрондық мекенжайларға жіберуге болады.