«Кірістің көптігі – ел мерейі» !!!
Ағымды жылдың 8 қыркүйекте Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің басшылары қатысуымен баспасөз брифингі өткізілді.
Аталған брифингте жыл басынан өткен 8 ай бойынша облыстық кірістер департаментінің басшылары атқарылған жұмыстар туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне есеп берді.
2016 жылдың 8 ай ішінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақты органдары салықтармен басқа да төлемдердің болжамдық көрсеткіштерін орындау мақсатында белсенді түрде жұмыс атқарды.
Атап айтқанда, жалпы Жамбыл облысы бойынша 2016 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша Мемлекеттік бюджеттіңсалықтар мен кеден төлемдері бойыншаорындалуы 122,0 пайызды құрады. Болжам – 38413,8 млн. теңге болса, нақты түсім 46862,2 млн. теңге, немесе 8448,4 млн.теңгеге артық түсті. Өткен жылмен салыстырғанда түсім 5014,4 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны - 112,0пайыз.
Республикалық бюджеттің болжамының орындалуы 122,8 пайызды құрады немесе болжам – 17017,6 млн. теңге болса, түсім 20891,9 млн. теңге, түсім 3874,3 млн.теңгеге артқан. Өткен жылмен салыстырғанда түсім 6694,0 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны - 147,1пайыз.Оның ішінде:
Салық төлемдері бойынша болжамның орындалуы 115,6 пайызды құрады немесе түсім 1675,8 млн. теңгеге артты, яғни болжам 10740,0 млн. теңге болса, нақты түсім 12415,8 млн. теңге. Өткен жылмен салыстырғанда түсім 3288,7 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны - 136,0пайыз.
Кеден төлемдері бойынша болжамның орындалуы 135,0 пайызды құрады немесе түсім 2198,6 млн. теңгеге артық, яғни болжам 6277,6 млн. теңге болса, нақты түсім 8476,2 млн. теңге.Өткен жылмен салыстырғанда түсім 3405,3 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны - 167,2пайыз.
Жергілікті бюджеттің түсімі болжам бойынша 21396,2 млн. теңге, нақты түскені 25970,2 млн. теңге, яғни 4574,0 млн. теңгеге артқан немесе 121,4 пайызды құрады. Оның ішінде:
Облыстық бюджет бойынша орындалуы 129,8 пайызды құрады, болжам 10250,6млн. теңге болса, нақты түсім 13303,7мың теңге немесе 3053,1 мың теңге артық, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 1343,1 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 111,2 пайызды құрады.
Аудандық бюджет бойынша орындалуы 113,6 пайызды құрады, болжам 11145,6млн. теңге болса, нақты түсім 12666,5мың теңге немесе 1520,9 мың теңге артық түскен.
Жамбыл облысы бойынша мүлік жария ету туралы науқаны басталғаннан бері жергілікті атқару органдарының жанында құрылған мүлікті жария ету комиссияларына жылжымайтын мүлік бойынша 7992 арыз түсті, оның бағалаған сомасы 41529,0 млн.тнг құрады, оның ішінді 6784 тұрғын объектілері, бағалаған сомасы 25858,5 млн.тнг құрады және 1208 тұрғын емес объектілері, бағалаған сомасы 15670,5 млн.тнг құрады.
Ағымды жылдың 8 ай қорытынды бойынша 65 кешенді және тақырыпты тексерулер өткізілді. Аталған тексеру нәтижелері бойынша қосымша бюджетке есептелген салықтар, төлемақы өсімдер және салынған айыппұл сомалары 1956,0 мл.тнг. құрады. 2016 жылдың 8 ай ішінде банкроттық рәсімінен өтіп 11 мекеме жойылды. Олардың кредиторлық қарыз сомасы 2423,4 млн.тнг., оның ішінде бюджет алдында 2393,0 млн.тнг.
Сонымен қатар, жоғарыда аталған жұмыстарға өз үлесін кеден саласындағы қызмет атқарып жүрген мамандарда қосты. Орындалған жұмыстардың нәтижелері төмендегі көрсетілген көрсеткіштер дәлелдеп отыр.
2016 жылдың 8 ай нәтижесі бойынша Жамбыл облысы бойынша МКД-нің кеден бақылауынан өткен сыртқы сауда айналымы 1 млрд 88 млн 409 мың АҚШ долларын құрады.
2016 жылдың 8 ай нәтижесі бойынша экспорт көлемі 808 млн 616 мың АҚШ долларын құрады. 2016 жылдың 8 ай нәтижесі бойынша импорт көлемі 279 млн 793 мың АҚШ долларын құрады. 2016 жылдың 8 ай қорытынды бойынша транзит тасымалдау операциялардың көлемі 2635 мың АҚШ долларын құрады.
2016 жылдың 1-ші құркүйегіне дейін таурларға 2091 кеден декларациялары толтырылды.
Салық жене кеден әкімшіліктендіру кезеңінде экономикалық қылмыстарды және басқа заңсыз іс-әрекеттер болдырмау барысында, Экономикалық тергеу қызметінің мамандары көп жұмастар атқаруда.
Атап айтқанда, 2016 жылдың 8 айында Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің тергеу-жедел құрылымдарымен қылмыстық құқық бұзушылықтың 37 құрамы бойынша 326 қылмыстық істердегі сотқа дейінгі тергеу қозғалды. Прокурорға айыптау актісімен 151 қылмыстық іс жолданды, 3 іс жеделдетілген тергеп-тексеру өндірісі түрінде, 3 іс кінәні мойындау туралы процестік келісім түрінде және 2 іс хаттама түрінде.
Ағымды жылдың 8 айы бойынша Жамбыл облысы бойынша МКД-нің Экономикалық тергеу қызметінде сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде жалған кәсіпкерліктің52 фактісі тіркелді (ҚР ҚК 215-бабы), оның ішінде прокурорға 15 қылмыстық істер жолданды. Басқа да қылмыстық істер бойынша сотқа дейнгі тергеу жүргізіліп жатыр