Жарияланған күні: 23.06.2016 12:46
Өзгертілген күні: 23.06.2016 12:48

     Жамбыл облысы бойынша МКД Тауарлық номенклатура және кедендік құн басқармасы Жамбыл облысы бойынша МКД сайтында және БАҚ шығару үшін төмендегі мақаланы жолдайды:

     Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық сыртқы экономикалық қызметке қатысулардың назарына ЕАЭО мүше-мемлекеттердің аумағынан шағарылатын тауарларға қатысты әкету кедендік баждары белгіленеді. Соның ішінде, ЕАЭО мүше-мемлекеттердің аумағынан шағарылатын тауарларға қатысты әкету кедендік баждарының ставкалары ЕАЭО мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына сәйкес белгіленеді.

     Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы сауда қызметін дамыту мен жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі Е. Досаевтың 2016 жылғы 17 ақпанда № 81 «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен тауарлар тізбесі бекітілді.

     Аталған бұйрық ҚР Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурстарына, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне  орналастырылып, 2016 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енді.

ЕАЭО мүше-мемлекеттер арасындағы өзара саудада әкету және әкелу кедендік баждары қолданылмайды.