Жарияланған күні: 21.09.2016 10:27
Өзгертілген күні: 21.09.2016 10:28

Кедендік операция-алдын-ала ақпараттану

    Кеден органдарын алдын-ала ақпараттану- технологиялық процесс, жүргізу барысында мүдделі тұлғалармен (сыртық экономикалық қызмет қатысушыларымен, тасымалдаушылармен, кеден өкілдерімен)  Кеден Одағының кеден шекарасында белгіленген өткізу  бекеттері арқылы ауысу жоспарланған, тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын-ала ақпарат  электронды түрде дербес құрылып, кеден органдарына тапсырылады. 

    Осы алдын-ала ақпарат кедендік ресімдеу мен кеден бақылау мақсаты үшін кеден органдарымен қолданылады. Көбінесе, өткізу бекетінде кедендік рәсімдеу кезінде берілген алдын-ала ақпарат тауар- жолдама құжаттарында мәліметтермен айырмашылықтардың жоғында транзит декларациясының электронды көшірмесі ретінде пайдаланылады.  

    Кеден Одағының заңнамасына сәйкес алдын-ала ақпарат тауарлар мен көлік құралдарын Кеден Одағы кеден шекарасы арқылы тасымалдауға дейін кем дегенде 2 сағатқа     Кеден Одағының мемлекет-мүшесі кеден органына мүдделі тұлғаларға жолдануы қажет. 

   Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетімен   Web-портала  pi.customs.kz.  көмегімен алдын-ала ақпарат қабылданады. 

   Алдын-ала ақпарат,  оған тасымалдаудың бірегей сәйкестендіру нөмірін (ТБСН) берген күннен бастап 30 тәулік  бойы кеден органдарының деректер қорында сақталады. 

    Құрылымы мен пішініне, мәліметтер құрамының сәйкестігіне алдын-ала ақпаратқа тексеріс жүргізілгеннен кейін осы нөмір беріледі. Сонымен қатар қарауға алдын-ала ақпараттың қабылданған не қабылданбағаны туралы электронды хабардар мүдделі тұлғаға жолданады. Міндетті қабылданбағанда  бас тарту себебі көрсетіледі.      

    Егер алдын-ала  ақпаратты сақтау мерзімдер шегінде тауарларды және көлік құралдарын нақты  әкету жүргізілген  жағдайда, онда  осы алдын-ала  ақпарат автоматты түрде жойылады. 

      Алдын-ала  ақпаратты (pi.customs.kz)   ұсыну үшін Қазақстан Республикасы кеден органдарының Web-порталы шектеусіз СЭҚ барлық қатысушыларына ашық. Сонымен қатар порталға қолжетімділік қолданушылардың қалыпты тіркеу жолымен іске асырылады.  

    Евразия экономикалық одақ алқасының шешіміне сәйкес, 2012жылғы маусымнан бастап автомобиль көлігімен Кеден одағы кеден аумағына әкелінетін,  тауарларға қатысты, 2014 жылғы 1 қазаннан бастап теміржол көлігімен Кеден одағы кеден аумағына әкелінетін,  тауарларға қатысты, кеден органымен алдын-ала ақпаратты ұсыну міндетті болып табылады. 

    Көрсетілген шешімдермен анықталды, Кеден одағы мемлекет- мүшелері кеден органдарының  web-порталдарын қолданумен электронды нысанда  не кеден органдарының және мүдделі тұлғалардың ақпарат жүйелерінің өзара іс-қимыл жолымен өзгеше Кеден одағы кеден шекарасынан өткенге дейін 2 сағаттан кешікпей кеден органымен алдын-ала ақпарат ұсынылады. 

    Осы жағдай кеден операцияларын жасауды айрықша тездетеді, кедендік бақылау жүргізу процессін оңтайландырады, сыртық экономикалық қызмет қатысушыларының  жүйкелерін  сақтайды, және уақыттарын, ақшаларын үнемдейді.

     Алдын-ала ақпаратпен ұсынылатын,  оң мүмкіндіктерді алдақашан көптеген қазақстан бизнесмендері бағалады. Алдын-ала ақпараттануды қолдану,   өткізу бекеттерінде 1-2 сағатқа дейін тұру уақытын қысқартатынын, кәсіпкерлердің өздері мойындады.