Кеден өкілдеріне, кедендік декларациялау жөніндегі мамандарына және өзге де мүдделі тұлғалардың назарына.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 32-бабының 3 тармағына сәйкес, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды, кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін біліктілік емтиханнан өту уақыты
2016 жылдың 20 шілде сағат 10:00.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Қолбасшы-Қойгелді көшесі 188, КББ кабинеті.
Біліктілік емтиханын тапсыру үшін оны жүргізгенге дейін 3 күн бұрын еркін нысандағы өтінішті кеден органына табыстау қажет.
Өтінішке:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) техникалық және кәсіптік немесе жоғарғы білімін растайтын құжаттың нотариалды куәландырған көшірмесі;
3) 3,5х4,5 сантиметр көлемінде екі түрлі-түсті суреті қоса беріледі.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша 8 (7262) 450914 байланыс телефонына хабарласыңыздар.