№ исх: КГД-07-1/2777-И от: 08.02.2016 |
Облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттері
|
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті(бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (бұдан әрі - Заң), «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне индустриялық-инновациялық саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарымен енгізілген Салық және Кеден кодекстеріне өзгерістер мен толықтыруларға байланысты, мыналарды назарға жеткізеді.
1. Корпоративтік табыс салығы
1.1. Салық кодексінің 96-бабына, оған сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарына сәйкес алынған парниктік газдар шығарындыларына квота түрінде өтеусіз алынған мүліктің құны нөлге тең деп танылатын толықтыру енгізілді;
1.2. Салық кодексінің 99-бабының 1-тармағына, оған сәйкес жылдық жиынтық табысынанмемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясының осы Кодекстің 396-бабы 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жылжымайтын мүлікті және осындай мүлік орналасқан жер учаскелерін жалға тапсырудан және (немесе) өткізу кезінде алынған кірістеріалып тасталуға жататынөзгерістер енгізілді. Сондай-ақ арнайы қаржы компаниясының мұндай табыстары аванстық төлемдерді есептеу және төлеу үшін жылдық жиынтық табысын айқындау кезінде есептелмейді;
1.3. Салық кодексінің 99-бабының 1-тармағы, оған сәйкесжылдық жиынтық табысынан трансұлттық корпорациялардың қатысуымен бірлескен кәсіпорындар құру үшін, сондай-ақ шетелдік инвестициялық қорларға үлестік қатысу үшін ғана бюджеттен нысаналы аударым түрінде алынған, Қазақстан Республикасының инновациялық кластер туралы заңнамасымен айқындалған дербес кластерлік қордың кірісі алып тастауға жататын 17) тармақшамен толықтырылды;
1.4. Салық кодексінің 111-1-бабының редакциясы, шегерімге жататын шығындарды (шығыстарды) айқындау, сондай-ақ коммерциялық табудан кейін өндіру басталған соң жерасты ұңғымалық сілтілеу әдісімен уранды өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар бойынша шегерімдерге жатқызу тәртібін айқындау бөлігінде нақтыланды;
1.5. Кеме және теңіз салаларын дамыту мақсатында Салық кодексі Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген және халықаралық жүк тасымалы бойынша қызметін жүзеге асыратын теңіз кемелері үшін ерекше салық салу тәртібін енгізуді көздейтін жаңа 135-4-бабымен толықтырылды. Салық кодексінің 135-4-бабына сәйкес салық төлеушi Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген Кодекстiң 139-бабына сәйкесесептелген теңіз кемесімен жүк тасымалдау қызметі бойынша корпоративтік табыс салығын100 пайызға азайтады.Бұл ретте мұндайсалық төлеушінің басқа қызметті жүзеге асырудан түскен кірістері жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен корпоративтік табыс салығын салуға жатады;
Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемесімен жүк тасымалдауды жүзеге асыратын салық төлеушi мұндай қызмет түрі және өзге де қызмет бойынша салық міндеттемелерін есептеу мақсатында салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің бөлек салықтық есебін жүргізеді, сондай-ақ осындай қызмет бойынша осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығын 100 пайызға азайтуды көздейтін Салық кодексінің басқа да ережелерін қолдануға құқылы емес;
1.6. Салық кодексінің 133-бабының 1-тармағына өзгеріс енгізілді, оған сәйкес салық кезеңінде ірі салық төлеушілер мониторингінде тұрған салық төлеушілерден басқа, салық төлеушілер үшін азайту жағына қарай салық салынатын кірістің түзету мөлшері 3 пайыздан 4 пайызға дейін ұлғайтылды.
2. Қосылған құн салығы (бұдан әрі - ҚҚС)
2.1. Жер учаскесін сегменттеу кезінде ҚҚС-ты есепке жатқызу
Салық кодексінің 256-бабы, егер қосылған құн салығы сомасын іске асыру бойынша мұндай айналым жасалғанға дейін есепке жатқызылған бөлінетін жер учаскесінің бөлігіне иелену және (немесе) пайдалану, және (немесе) оған билік ету құқығын беру бойынша іске асыру бойынша айналым Салық кодексінің 249-бабына сәйкес қосылған құн салығынан босатылған болып табылған жағдайда, есепке жатқызылған ҚҚС-тың түзетуін көздейтін жаңа 4-3-тармақпен толықтырылды. Бұл ретте есепке жатқызылудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау үшін формула қарастырылған;
2.2. ҚҚС салу және комиссия, көліктік экспедиция, тапсырма және сенімгерлік басқару шарттары бойынша шот-фактураларды жазып беру тәртібін нақтылау мақсатында Салық кодексінің 233, 233-1, 233-2, 238, 257, 263 және 264-1-баптарына бірқатар өзгерістер енгізілді;
2.3. Электрондық нысанда шот-фактураларды жазып беру, оның ішінде электрондық нысанда міндетті шот-фактураларды жазып беруге кезең-кезеңімен көшу
электрондық нысанда міндетті шот-фактураларды жазып беруге кезең-кезеңімен көшуді белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді, атап айтқанда:
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап – уәкілетті экономикалық операторлардың электрондық шот-фактураларды жазып беруі міндетті;
2016 жылғы 1 шілдеден бастап – кеден өкілдерінің, кедендік тасымалдаушылардың, уақытша сақтау қоймалар иелерінің, кеден қоймалары иелерінің электрондық шот-фактураларды жазып беруі міндетті;
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап - барлық ҚҚС төлеушілердің электрондық шот-фактураларды жазып беруі міндетті;
2.4. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі шот-фактураларды жазып беру тәртібін бұзу үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін 280-1-баппен толықтырылды;
2.5. Салық кодексінің 263-бабының 7-тармағында тауарлар экспорт кедендік рәсімімен әкетілген жағдайда шот-фактураны жазып беру мерзімін ұлғайту бөлігінде өзгерістер енгізілді;
мәселен, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарлар экспорт кедендік рәсімімен әкетілген жағдайда шот-фактураны жазып беру бойынша мынадай мерзім белгіленген:
қағаз тасымалдағышта – өткізу бойынша айналым жасалған күннен кешіктірілмей;
электрондық нысанда - өткізу бойынша айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей;
2.6. Салық кодексінің 263 және 265-баптарына, тауарларды, жұмыстарды алушы атына қосымша немесе түзетілген шот-фактура жазылып берілген жағдайда, ол қосымша немесе түзетілген шот-фактураны алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мүндай шот-фактураны жазып берумен келіспейтінін көрсетуге құқылығын көздейтін өзгерістер енгізілді.Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi алушының қосымша немесе түзетілген шот-фактураны қабылдауға келіспеуі, мұндай шот-фактурадан бас тарту жолымен электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде орындалады, кейіннен олзаңды болып табылмайды.
3. Кеден одағы шеңберіндегі ҚҚС
3.1. 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енді, «Салық және салық салу» XVII бөлімінің 72-бабының 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тауарлардың импорты мүше мемлекеттің басқа аумағынан мүше мемлекеттің бір мемлекетіне бір заңды тұлғаның шегінде оларды беруге байланысты жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің аумағына тауарлар импорты кезінде жанама салықтар өндіріп алынбайды (салық органдарын мұндай тауарларды әкелу (әкету) туралы хабарлама бойынша міндеттеме мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленуі мүмкін).
Аталған норманы есепке ала отырып, Салық кодексінің 231-бабының 3-тармағы 23) тармақшамен толықтырылды, оған сәйкес тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге (өткізуге) байланысты оларды Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына әкету – өткізу бойынша айналым болып табылмайды;
3.2. Салық кодексінің 276-2-бабының 2) тармақшасының он екінші абзацы кәсіпкерлік қызмет мақсатында Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды импорттайтын жеке тұлға Кеден одағына қосылған құн салығын төлеушілер болып табылатын редакцияда жазылды.
Бұл ретте 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 276-2-бабы тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшарттарын уәкілетті органның белгілеуі бойынша нормамен толықтырылды.
3.3. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінің 276-4-бабының 4-тармағының екінші бөлігінің 2) тармақшасына сәйкес тауарларды уақытша әкелу көрмелер мен жәрмеңкелерге қолданылады;
Салық кодексінің 37-1-тарауының нормаларын 2014 жылғы 29 мамырдағы ЕАЭО туралы шартқа келтіру мақсатында Салық кодексінің 276-4-бабы 5-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес жанама салықтар Қазақстан Республикасының аумағына:
1) кәсіпкерлік қызметтен басқа мақсаттарда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың;
2) тауарларды бір заңды тұлға шегінде беруге байланысты Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағынан әкелінетін тауарлардың импорты кезінде өндіріп алынбайды.
Салық төлеуші Салық кодексінің 276-4-бабының 4-тармағымен көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде бір заңды тұлға шегінде беруге байланыстымұндай тауарларды әкелу (әкету) кезінде салық органдарын хабардар етуге міндетті;
3.4. Салық кодексінің 276-13-бабының 6-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қазақстан Республикасының салық төлеушісі алыс-беріс шикізатын қайта өңдеуге әкелуді (әкетуді) жүзеге асырған жағдайда, қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.
Көрсетілген өзгерістерді есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 желтоқсандағы № 683 бұйрығымен «Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) жөнінде міндеттемені табыс ету және оны орындау қағидаларын, қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) жөнінде міндеттемені табыс ету нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 240 бұйрығына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Бұл ретте, «Қайта өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттемені табыс ету және оны орындау қағидалары мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1712 қаулысының күші жойылуға қойылды;
3.5. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12маусымдағы Кодексінің 250-бабымен көзделген есепке жатқызу әдісімен ҚҚС төлеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 49 және 49-1-баптарымен қолданылу мерзімі 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзартылды;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап аталған баптардың ережелері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен келісу бойынша агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасының өндірісінде пайдаланылатын қосалқы бөлшектерге де қолданылады.
4. ҚҚС қайтару
4.1. Салық кодексі:
- жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілергеологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңінде экспорттық операцияларды бастағанға дейін жинақтаған;
- АЭА аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың немесе инвестициялық басымды жобаны іске асыратын жаңадан құрылған ұйымдардың жаңадан пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды салу кезеңінде қалыптасқанҚҚС асып кеткен жағдайда, ҚҚС асып кетуін қайтару ерекшеліктерін регламенттейтін273-1-бабымен толықтырылды;
4.2. Салық кодексінің 272-бабының 3-тармағының редакциясына экспортқа бағдарланған компанияларға бір уақытта тұрақты түрде өткізу жәненөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша жалпы айналымның кемінде 70 пайызын құрау бойынша белгіленген шарттарды сақтау кезінде салық кезеңінің соңына жинақталған барлық ҚҚС асып кетуін қайтарып алу мүмкіндігін алатын нақтылау енгізілді;
4.3. 627-баптың 2-тармағына оларға Салық кодексінің 273-1-бабының 1 және 2-тармақтарын қолдануға байланысты ұсынылатын салық төлеушінің өтініші бойынша (ҚҚС асып кетуінің анықтығын растау үшін)жоспардан тыс салықтық тексеру жүргізу үшін негіздемені көздейтін өзгерістер енгізілді;
Бұл реттекөрсетілген өтініштерөндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар қабылдап алынған не кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған күнге дейін берілуі мүмкін.
5. Акциздер
5.1. Салық кодексінің 280-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап алкоголь өніміне (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан, сыра мен сыра сусынынан басқа) акциз мөлшерлеменің 100 % спиртінің 1 литрі үшін 1 380 теңгеге дейін ұлғайтуды көздейтін өзгеріс енгізілді.
5.2. Оператор арқылы этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісінде есепке алатын бақылау аспаптары енгізілгендіктен, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 1-бабының 7), 24) және 25) тармақшаларымен «есепке алатын бақылау аспаптары», «этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері», сондай-ақ «этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы» деген ұғымдарға анықтамалар берілді.
5.3. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 1-бабының 4), 24-1) және 24-2) тармақшаларымен «мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері» және «мұнай өнімдерінің өндірісі мен айналымы саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы» деген ұғымдарға анықтамалар берілді.
6. Жеке табыс салығы
6.1. Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағының 24) тармақшасымен тұрғын үйді, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезіндежеке тұлғаның кірісі ретінде қаралмайтын шығыстар нақтыланды;
6.2. Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағының 29) тармақшасында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының кірістерін ЖТС салудан, банктер ғана емес, сондай-ақ микроқаржы ұйымдары берген несиелер бойынша міндеттемелерді тоқтатудан босатуы көзделген;
6.3. Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағы 29-2) тармақшасымен толықтырылды, онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық тұрғын үй заемын қайта қаржыландыру бағдарламасының шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын 2004 жылғы 1 қаңтардан 2009 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде алынған ипотекалық тұрғын үй заемы (ипотекалық заем) бойынша қалыптасқан сыйақы, тұрақсыздық (өсімпұл, айыппұл) бойынша берешекті кешіру жеке тұлғаның кірісі ретінде қаралмайтыны белгіленген.
6.4. Салық кодексінің 156-бабының 1-тармағының 13) және 13-2) тармақшаларымен мұндай түзету қолдану үшін бірнеше негіздемесі бар тұлғалар үшін кірістердің түзетуін қолдану тәртібі нақтыланған. Бұл ретте, ең төмен жалақы мөлшерінің салық салынбайтын кірістің мөлшер шегі 55-тен 75-ке дейін ұлғайтылды;
6.5. Жол жүрісі туралы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында Салық кодексінің 155-бабының 3-тармағының 19) тармақшасында, 180-1-бабының 1-тармағының 7) тармақшасында және 180-2-бабының 1-тармағының 7) тармақшасында «меншік құқығы тіркелген күннен бастап» деген сөздер алып тасталды, себебі көлік құралдары бойынша меншік құқығы тіркелмейді. Бұл ретте, көлік құралдарына меншік құқық азаматтық заңнамаға сәйкес туындайды;
6.6. Салық кодексінің 165-бабының 3) тармақшасындақызметкердiң материалдық пайда түріндегі табысы ретінде жұмыс берушiнің өз қызметкерлерiнің, оның ішінде жұмыскерлермен ғана емес, сондай-ақ жұмыс берушiмен жасалған сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге шығыстары танылатын бөлігінде редакция нақтыланды.
7. Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА)
7.1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексінің 150-бабының 1-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Салықкодексінің 151-1 – 151-10-баптарында көрсетілген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметтің басым түрлерінің тізбесін және құрылысы қызметтің осы түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілердің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлері мен құрылыс объектілерін көрсетілген тізбелерге енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Бұл ретте қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына және экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;
7.2. Тиісінше Салықкодексінің 151-1 – 151-10-баптарына әрбір арнайы экономикалық аймақ үшін салалық бағытты айқындау және басым түрлеріне жатпайтын қызмет түрлерінің тізбесін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді;
7.3. «Астана – жаңа қала», «Ақтау теңiз порты», «Оңтүстік», «Сарыарқа», «Қорғас – Шығыс қақпасы», «Павлодар» АЭА жобалау-сметалық құжаттама шегінде тікелей қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілердің құрылысы және пайдалануға енгізу бойынша қызметтің басым түрімен толықтырылды;
7.4. Салық кодексінің 150-бабының 3-тармағының 4) тармақшасының редакциясы қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарға 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференцияларын қолданатын (қолданған) ұйымдар жатпайтындығы бөлігінде нақтыланды;
7.5. Салық кодексінің 150-бабының 3-тармағы қызметiн арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жүзеге асыратын ұйымдарғаҚазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйым жатпайтындығын көздейтін жаңа 4-1) тармақшамен толықтырылды;
7.6.Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының, сондай-ақ дербес кластерлік қордың ұйымдыарнайы экономикалық аймақ аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым деп тану үшін алынған табыстарды қызметтің басым түрлерінен алынған табыстарға жатқызу туралы растаманы беру қажеттілігін көздейтін Салық кодексінің 150-бабының 4-тармағы алып тасталды;
7.7. Салық кодексінің 150-бабы арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым туралы мәліметтер арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген күннен кейін салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, жер салығын, мүлік салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеген кезде қолданылатын коэффициенттерге және (немесе) мөлшерлемелерге, корпоративтік табыс салығын есептеген кезде азайту мөлшеріне қатысты салық заңнамасының тұрақтылыққа кепілдік беруді көздейтін 6-тармақпен толықтырылды.
8. Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу
Салық кодексінің 5-бөлімі 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестицияны жүзеге асыруға инвестициялық келісімшарт, сондай-ақ салықтар бойынша преференцияларды көздейтін көрсетілген инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасалған инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салудың ерекше тәртібін қарастыратын «Инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйымға салық салу» деген 17-2-тараумен толықтырылды.
Бұл ретте инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын және арнаулы салық режимін қолданбайтын ұйым үшін Салық кодексімен белгіленген 100 пайызға корпоративтік табыс салығын азайту, амортизацияның шекті нормаларының кемінде 50 пайызы мөлшерінде амортизациялық аударымдарды есептеу, жер салығының мөлшерлемелеріне 0 коэффициентін қолдану, салық базасына 0% мөлшерлеме бойынша мүлік салығын есептеу, сондай-ақ салық заңнамасының тұрақтылығына кепілдік беру (егер Қазақстан Республикасы салық заңнамасының өзгерістері және (немесе) толықтырулары салықтар, алымдар және төлемдер мөлшерлемелерін ұлғайтуды көздейтін болса, инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын ұйым, салық міндеттемелерін инвестициялық стратегиялық жоба үшін инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестициялық келісімшартқа қосымша келісім жасасу күні қолданыста болған мөлшерлемелер бойынша айқындайды) көзделген.
9. Халықаралық салық салу
9.1. Практикада салық органдарының бейрезиденттен бейрезиденттің кірісін қолданыстағы Салықтық конвенциялардың ережелеріне және Салықтық конвенциялардың ережелерін қолдану бойынша әкімшілендіруді оңайлатуға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында салық салудан толық немесе ішінара босату үшін резиденттілігін растайтын құжаттың көшірмесін сияқты нотариалды куәландырылған көшірмесін алу мүмкіндігін қарастыратын Салық кодексінің 219-бабына сәйкес келтіру мақсатында Салық кодексінің 212-бабының 3 және 6-тармақтарына редакциялық түзетулер енгізілді.
Резиденттілікті растайтын құжатты ұсыну мерзімі бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленген кірістері шегерімге жатқызылған, күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан бейрезидентке кіріс төленген немесе бейрезиденттің төленбеген кірістері шегерімге жатқызылған, Салықкодексінің 148-бабына сәйкес айқындалған салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына өзгертілді. Аталған норма 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді. Тиісінше, 2015 жылы есептелген кіріс бойынша Салық конвенцияларының ережелерін қолдану мақсатында бейрезидент резиденттілігін растайтын құжатты салық агентіне 2016 жылғы 31 наурызға дейін табыс етуге құқылы.
9.2. Салық кодексінің 212-бабының 6-тармағында бейрезиденттің резиденттілігін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну мерзімі төртінші тоқсанға салық есептілігін ұсыну үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік үш күннен бес күнге ұлғайтылды. Осындай өзгерістер Салық кодексінің 212-1-бабының 3-тармағына және 212-2-бабының 2-тармағына енгізілді.
9.3. Салық кодексінің 219-бабының 5-тармағында резиденттікті растайтын құжаттардыөзара танудың өзгеше тәртібі Салық кодексінің 219-бабының осы тармағымен белгіленген тәртіптен өзгеше,сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ органының шешімімен белгіленуі мүмкінекені белгіленді.
10. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу
10.1. Экспортқа рента салығын төлеу бойынша даулы мәселелерді болдырмау мақсатында Салық кодексінің 10-бөліміне мынадай нақтылаулар енгізілді:
экспортқа рента салығын салу объектісі нақтыланды - шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері деп сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының 2709 00 субпозициясында сыныпталатын тауарлар танылады. Бұл ретте мұндай тауарларға шикі мұнай мен газ конденсатынан басқа мұнай қалдықтарының қоспасы да жататынын назар аудару қажет;
шикі мұнайдың әлемдік бағасын айқындау үшін өлшем бірліктерін баррельден метрикалық тоннаға ауыстыру тәртібі белгіленді,оған сәйкес экспортқа өткізілетін шикі мұнай және шикі мұнай өнімдерінің әрбір партиясының сапа паспортында көрсетілген баррельдеу коэффициенттерінен шыға отырып айқындалады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында маршруттың басында көлік ұйымының шикі мұнайды және шикі мұнай өнімдерін тапсыру және қабылдау пунктіндегі есепке алу аспабының деректері негізінде ресімделген сапа паспорты пайдаланылады;
10.2. Салық кодексінің 310-бабының 2-тармағының 6) тармақшасында «өндіру мен бастапқы қайта өңдеудің (байытудың) өндірістік өзіндік құны» деген ұғымға нақтылау енгізілді, оған сәйкес өндірістік өзіндік құнға қарыздар бойынша шығындар қосылмайды;
10.3. Салық кодексінің 310-бабының 10-тармағындағы даулы мәселелерді болдырмау мақсатында шикі мұнаймен ілеспе өндірілетін және өзінің өндірістік мұқтаждығына пайдаланылатын табиғи газды өндірудің өндірістік өзіндік құнын айқындау тәртібі бойынша нақтылау енгізілді;
10.4. Салық кодексінің 314-бабының 5-тармағында минералды шикізат, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары және емдік балшықтар бойынша келiсiмшарттар үшінкелісімшарт аумағын кеңейту кезінде қол қойылатын бонусының сомасын айқындау тәртібі өзгертілді. Мұндай қол қойылатын бонусының сомасы пайдалы қазбалардың тиісті түрлері үшін осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларымен белгіленгенең төмен мөлшерде айқындалады;
10.5. Салық кодексінің 332 және 334-баптарына индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндіруге салықты есептеу бойынша толықтыру енгізілді. Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық жобаны іске асыру үшіниндустриялық-инновациялық қызмет субъектісі – жер қойнауын пайдаланушы пайдаланған табиғи газ бойынша пайдаланушының пайдалы қазбаларды өндіруге салық халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын, өнім бірлігін өндірудің 20 пайызға ұлғайтылған өзіндік құнынан шыға отырып анықталады;
10.6. Салық кодексінің 339-бабы баланстан тыс қорлардың құрамынан, оның ішінде бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) кейін алынатын пайдалы қазбаларды және минералды шикізатты өткізген жағдайда,0 пайыз мөлшеріндегі өндіру салығы мөлшерлемесі қолданылмайтыны туралы нормамен толықтырылды, яғни жер қойнауын пайдаланушылар ол бойынша пайдалы қазбалардың өндіру салығын жалпы белгіленген тәртіпте төлеуге міндетті;
10.7. Салық кодексінің 341 және 342-баптарына жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу тәртібі бойынша өзгерістер енгізілді;
жерасты суларына пайдалы қазбаларды өндіру салығы өндірілген жерасты суларының 1 текше метрі үшін ең төмен бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгіленеді;
бұл ретте пайдалы қазбаларды өндіру салығы мөлшерлемесінің төмендеуі мынадай жағдайларда көзделген:
1) пайдалы қазбаларды өндіру салығы жерасты суларының көлемі бойынша белгіленген мөлшерлеменің 0,1 пайызы мөлшерінде есептеледі:
су шаруашылығының жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектісі өндірген және осы қызметке тікелей арналған;
жер қойнауын пайдаланушы өндірген және өзі су шаруашылығының жүйесі саласындағы табиғи монополиялар субъектісіне өткізген және осы қызметке тікелей арналған;
2) пайдалы қазбаларды өндіру салығы жер қойнауын пайдаланушы өндірген көлемдері бойынша белгіленген мөлшерлеменің 0,3 пайызы мөлшерінде есептеледі:
осындай пайдалы қазбалардан немесе олардың қалдықтарынан өнім алу процесінде жерасты суларын пайдалануды қоса алғанда, пайдалы қазбалардың басқа да түрлерін өндіру және қайта өңдеу кезінде технологиялық және өндірістік мұқтаждар үшін және өз балансындағы әлеуметтік саладағы объектілерді қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын немесе өзі осы мақсаттар үшін басқа жер қойнауын пайдаланушыға өткізген жерасты суларының;
ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру және (немесе) қайта өңдеу үшін жерасты суларының;
өндірістік-техникалық жерасты суларының;
тек шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар үшін ғана пайдаланылатын шаруашылық-ауыз су жерасты суларының;
бұл ретте шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждар деп жұмыскерлердің еңбек және тамақтану гигиенасы жағдайларын қамтамасыз ету, оның ішінде вахталық кенттерді сумен жабдықтау үшін шаруашылық-ауыз суды пайдалану түсініледі;
3) пайдалы қазбаларды өндіру салығы алкоголь мен тамақ өнімін және алкогольсіз сусындарды өндіру үшін пайдаланылатын, жер қойнауын пайдаланушы өндірген минералды жерасты суларының, шаруашылық-ауыз су жерасты суларының көлемдері бойынша белгіленген мөлшерлеменің 25 пайызы мөлшерінде есептеледі.
11. Арнаулы салық режимдерi (АСР)
11.1. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасынан тыс көздерден кірістердіалатын шағын бизнес субъектілері – заңды тұлғалар үшін АСР қолдануға тыйым салуды көздейтін Салық кодексінің 428-бабының 3-тармағының 8) тармақшасы алып тасталды;
11.2. Салық кодексінің 427-бабына шағын бизнес субъектілері үшін АСР қолданатын салық төлеушінің кірісіне ҚР аумағынан тыс алынған кірістердіқосу бөлігінде өзгерістер енгізілді;
11.3. Салық кодексінің 427-бабына кіріс мөлшерін айқындау, сондай-ақ салық төлеушілерге патент және оңайлатылған декларация негізінде АСР қолданылатын тиісті салықтарды есептеу, төлеу және ол бойынша салықтық есептілікті ұсыну тәртібіне нақтылау енгізілді;
11.4. Салық кодексінің 427, 438-баптарына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес ШБС үшін АСР қолданылатын салық төлеушілер үшін 2017 жылдан бастап төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жалпы белгіленген тәртіпте, яғни оларды ай сайын төлеумен және ол бойынша салықтық есептілікті тоқсан сайын ұсынумен есептеу, төлеу және салықтық есептілікті ұсыну бойынша норма белгіленген;
11.5. Салық кодексінің 439-бабына БЖС негізінде АСР қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтары жайылымдарының шекті мөлшерін ұлғайту, Астана және Алматы қалаларының аумағында орналасқан жер учаскелері бойынша шектеулерді белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді;
11.6. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Занымен шаруа немесе фермер қожалықтарына Салық кодексінің 448-бабымен белгіленген шарттарға сәйкес келген кезде ауыл шаруашылық тауар өндірушілері үшін 70% жеңілдетілген салықпен АСР қолдану құқығы ұсынылды. Шаруа немесе фермер қожалықтарына енгізілген өзгерістер туралы хабарлау бойынша тиісті жұмыстарды жүргізу мақсатында облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріне 16.11.2015 ж. №КГД-07-1/25550-И хат жолданған болатын;
11.7. Салық кодексінің 448-бабы АШТӨ үшін АСР қолданылатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін (бұрын -ауылдық тұтыну кооперативтері) қызмет түрлерінің артуын көздейтін нормамен толықтырылды:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өткізу;
2) өзі өндірген және (немесе) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;
3) осындай кооперативтің мүшелері өндірген өз өндірістің ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін және 2) тармақшамен көзделген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді сақтау;
4) осындай кооперативтің мүшелері үшін ауыл шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы қызметтің қосымша түрлерін орындау;
5) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша жұмыстарды (қызметтерді) осындай кооперативтің мүшелеріне 1)-3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында орындау (көрсету);
6) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне 1)-4) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында өткізу;
11.8. Салық кодексінің 448-бабының 3-тармағына құрылымдық бөлімшелері бар жәнеАСР қолданатын басқа заңды тұлғалардың үлестес тұлғасы болып табылатын ауыл шаруашылық кооперативтерініңАШТӨ үшін АСР қолдануына тыйым салатын ережелерін жою бөлігінде өзгерістер енгізілді.
12. Көлік салығы
12.1. Салық кодексінің 365-бабының 3-тармағы 3-1) тармақшамен толықтырылды, оған сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден аспайтын бір жеңіл автокөлік және бір автобус бойынша көлiк құралдары салығын төлеуден босатылады.
12.2. Салық кодексінің 365-бабы 7) тармақшамен толықтырылды, онымен жеңілдіктерді қолдану құқығы туындаған және тоқтатылған кезде салықты есептеу тәртібі нақтыланды;
12.3. Салық кодексінің 366-бабының 1-тармағының редакциясы Қазақстан Республикасында ғана тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдарын салық салу объектiлерi ретінде тану бөлігінде нақтыланды;
12.4. Көлікті тіркеу кезінде сатып алушының салықты төлеу бойынша міндеті жойылды (Салық кодексінің 368-бабының 3-тармағы алып тасталды). Бұл ретте көлік құралын сатып алу-сату шартының әрбір тарапыөзінің көлікті иеленген кезеңі үшін салықтық міндеттемені орындайтын болады;
12.5. Салық кодексінің 368-бабы 7-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап есепті салықтық кезең ішіндегі жеке тұлғалардың көлік құралына салығы бойынша есеп-қисап сальдосын айқындау мақсатында салық органдары салықтың есептеуін көлік құралдарының есебін және тіркеуін жүзеге асыратын уәкілетті орган автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтердің негізінде есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей жүргізетін болады;
12.6. Салық кодексінің 369-бабына 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалар көлік құралына салықтыкөлік құралының тіркелген жері бойынша емес, тұрғылықты жері бойынша төлейтін өзгерістер енгізілді.
13. Жер салығы
13.1. Салық кодексінің 388-бабының 5-тармағына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес елді мекеннің санаты және әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде жеке тұлғалардан жер салығын есептеу және төлеу тәртібі нақтыланды;
13.2. Салық кодексінің 391-бабы жер салығы бойынша жеңілдіктердің қолданылуын бастау және тоқтату кезеңдерін қарастыратын жаңа 8-тармақпен толықтырылды.
14. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы
14.1. Салық кодексінің 395-бабына және Салық кодексінің 396-бабының 1-тармағына толықтырулар енгізілді, оған сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге меншік құқығына мемлекеттік тіркелуі жоқ іс жүзінде пайдаланатын объектілер бойынша (бұдан әрі – іс жүзінде пайдаланатын тіркелмеген объектілер) мүлік салығы салынатын болады.
Салық кодексінің 399-бабы, тиісінше, мұндай іс жүзінде пайдаланатын тіркелмеген объектілер бойынша заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салықты есептеу және төлеу тәртібі көзделген жаңа 9-тармақпен толықтырылды;
14.2. Уран активтерін мүлік салығын салудың жеке объектісі ретінде бөлу мақсатында Салық кодексінің 396-бабының 1-тармағы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқанСалық кодексінің 111-1-бабында көрсетілген активтер дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін салық салу объектісі болып табылатынын көздейтін 3) тармақшамен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) толықтырылды;
Сонымен қоса, Салық кодексінің 397-бабының 1-тармағының редакциясы нақтыланды, оған сәйкес бухгалтерлiк есептiң деректерi бойынша айқындалатын салық салу объектілерінiң орташа жылдық баланстық құны уран активтері бойынша (бухгалтерлік есеп жүргізетін дара кәсіпкерлердің, және заңды тұлғалардың басқа салық салу объектілері бойынша ретінде) мүлік салығы бойынша салық базасы болып табылады (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
14.3. Салық кодексінің 396-бабының 2-тармағы жаңа 7) тармақшасымен толықтырылды, салық салу объектісі ретінде тұрғын үй, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын немесе пайдаланылмайтын ретінде жіктелмейтін болады, бұл ретте мұндай мүлік Салық кодексінің 409-бабына сәйкес тұрғын үй ретінде салық салынатын болады.
14.4. Салық кодексінің 397-бабы жаңа 1-2-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес салық төлеуші салық салу объектісінің бағалауын Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушымен шарт негізінде жүргізген жағдайда, бағалау туралы тиісті есепте айқындалған, бірақ қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалатын орташа жылдық баланстық құнынан төмен емесоның нарықтық құны мұндай салық салу объектісі бойынша салық базасы болып болып табылады (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);
14.5. Салық кодексінің 398-бабының 3-тармағы жаңа 9) тармақшамен толықтырылды, оған сәйкес Алматы және Астана қалаларының әуежайларындағы инфрақұрылымдарды қоспағанда, әуежайлардағы инфрақұрылым бойынша мүлiк салығы 0,1 пайыздық төмендетілген мөлшерлемесі бойынша есептеледі.
15. Жеке тұлғалардан алынатын жер салығы және мүлік салығы (2017 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15.1. Салық кодексінің 391 және 409-баптарына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес жеке тұлғалардың жер салығын және мүлік салығын есептеудi салық органдары есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей жүргiзедi, бұл ретте бюджетке салықтардың төленуі есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей, яғни салықтық кезең аяқталғаннан кейін жүргiзіледi. Осыған байланысты, салықтық кезең ішінде иелер өзгерген жағдайда салықтардың қайта есептеуін қажеттілігі алынып тасталады. Бұл ретте, тиісінше, 2017 жылы жергілікті бюджетке аталған салықтардың түсімі төмендейді деп күтілуде;
15.2. Мерзімді қызметті, оқудыөткеру кезеңінде әскери қызметшілерді мүлік салығын төлеуден босату Салық кодексінің 403-бабының 2-тармағының 1) тармақшасын алып тастау жолымен жойылды;
15.3. Салық кодексінің 403-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес IIІ топтағы мүгедектер мүлік салығын төлеуден босатылды;
сондай-ақ Салық кодексінің 409-бабының 6-тармағының редакциясы нақтыланды, оған сәйкес (2016 жылдан бастап):
салық кезеңі ішінде қолдану құқығы туындаған кезде олар осындай құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңі аяқталғанға дейін немесе осындай құқық тоқтатылатын айдың бірінші күніне дейін қолданылады;
салық кезеңі ішінде қолдану құқығы тоқтатылған кезде олар осындай құқық тоқтатылған айдың бірінші күнінен бастап қолданылмайды.
15.4. Салық кодексінің 404-бабының 3-тармағына енгізілген түзетулермен ол бойынша меншік құқығының мемлекеттік тіркелуі 2016 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілетін бiрлескен ортақ меншiктегi жылжымайтын мүлікті тіркеген кезде меншік иелерінің келісімі бойынша таңдап алынған салықты төлеу үшін жауапты тұлғаны көрсету қажет;
15.5. Салық кодексінің 405-бабына енгізілген өзгерістермен жеке тұлғалардың мүлік салығын салу объектісінен аяқталмаған құрылыс объектілері алып тасталды;
15.6. Салық кодексінің 406-бабына өзгерістер енгізілді, оған сәйкес жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлкіне бағалауды жүргізу салық базасын айқындаудың тәртібін оңайлатумен салық органдарына жүктелді;
15.7. Салық кодексінің 409-бабы жаңа 10-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес елді мекен санаты және әкімшілік-аумақтық бірлік шекаралары өзгерген кезде жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу және төлеу тәртібі нақтыланды;
15.8. Салық кодексінің 577 және 578-баптарына енгізілген өзгерістермен жеке тұлғалардың салық салу объектiлерін және (немесе) салықсалуға байланысты объектiлердi орналасқан жері бойынша салықтық тіркеу есебіне қою, және оларды есептен алу жойылды;
15.9. Салық кодексінің жаңа 661-1-бабы енгізілді, онымен салық органдары жеке тұлғаларға мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша есептеген салық міндеттемелерінің туралы мәліметтерді:
1) салық органдарының интернет-ресурстарына орналастыру;
2) коммуналдық қызметтерді берушілерге есептеу үшін қолданылатын құжаттарда көрсету;
3) салық төлеушінің электрондық поштасына жолдау;
4) салық төлеуші ұсынған ұялы телефондардың нөмірлеріне СМС-хабарламаларды жолдау арқылы ақпараттандыру тәртібі айқындалды.
Осы мақсаттар үшінСалық кодексінің 13-бабы 2-1-тармағымен толықтырылды, онымен 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап салық төлеушіге салық органына өзініңтелефон нөмірлері және электрондық пошта мекенжайы туралы мәліметтерді ұсыну құқығы берілді;
15.10. Салық кодексінің 607-бабының 2-тармағы жаңа 5-1) тармақшасымен толықтырылды, онымен салық төлеушіге салық органының Салық кодексінің 622-бабына сәйкес салық төлеушінің мүлігі есебінен салықтық берешек сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығын немесе талап қоюын шығару туралы сотқа жүгіну күніне дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей жолдауға жататын мүлік салығы, жер салығы және көлік құралы салығы бойынша жеке тұлғаның салықтық берешегінің бары туралы жаңа хабарламаның түрі белгіленді;
15.11. Салық кодексінің 608-бабының 1-тармағы хабарламаны жеткізу және хабарламаны тапсыру күнін айқындау туралы тәртібінің нормаларымен толықтырылды:
- жеке тұлғалардың хабарламаны мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрінде алуы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылыжүргізілетіні анықталды;
Бұл ретте мұндай есепті салықтық кезең ішінде есептелген салық сомасы туралы хабарламаны жеке тұлға есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 15 шілдесінен бастап кезеңде алуға жатады;
- сондай-ақ тапсырыс хатпен жолданған хабарламаларды «Қазпошта» АҚ, пошта байланысы қабылдағаны туралы белгі қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде жеткізуі тиіс екені нақтыланды.
16. Төлемақылар, алымдар және басқа да төлемдер
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап:
16.1. дара кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелгені үшін алым жойылды (Салық кодексінің 455-бабының 1) тармақшасының үшінші абзацы, 456-бабының 2 және 2-1-жолдары, 457-бабының 1) тармақшасы);
16.2. мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу кезінде жылжымайтын мүлікке құқықты тіркегені үшін алымның нөлдік мөлшерлемесі енгізілді (Салық кодексінің 456-бабының 3.15-жолы);
16.3. сыра сусынының өндірісі бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензияланған алым мөлшерлемелері белгіленді (Салық кодексінің 471-бабының кестесінің 1.86, 1.87-жолдары);
16.4. уәкілетті органдардың сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы бойынша мәліметтерді ұсыну орны өзгертілді (мәліметтер УО орналасқан жері бойынша емес, рұқсат құжатында көрсетілген сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері бойынша ұсынылатын болады) (Салық кодексінің 528-бабының 4-тармағы);
16.5. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР Заңының 39-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Порттың теңіз әкімшілігінің халықаралық құжаттарды (Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерін, теңiзде жүзу кiтапшаларын және теңізшілердің кәсіби дипломдарын) бергені үшін мемлекеттік баж енгізілді (Салық кодексінің 534-бабының 1-тармағының жаңа 17) тармақшасы, 540-бабының жаңа 12) тармақшасы, 547-бабының 2-тармағының жаңа 15) тармақшасы);
16.6. Өзара түсіністік қағидаттарында 16 жасқа дейінгі балалар консулдық алым төлеуден босатылды (Салық кодексінің 553-бабының 5) тармақшасының оныншы абзацы және 6) тармақшаның тоғызыншы абзацы).
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап:
16.7. Салық кодексінен нормативтен жоғары ластағаны және рұқсат құжаттарсыз ластағаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін 10-есеге ұлғайту туралы, сондай-ақ мәслихаттарға алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелерін ұлғайту құқығы туралы ереже алып тасталды.
17. Салық төлеушілердің салық органдарда тіркелуі
17.1. Салық кодексінің 563-бабының 2-1-тармағына толықтырулар енгізілді, оған сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап басшы туралы мәліметтер өзгерген кездесалықтық өтінішті резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшесінің, бейрезидентзаңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің бірінші басшысы келу тәртібінде береді. Салықтық өтінішті берген кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша сауалнама толтырылады.
17.2. Бұл ретте салықтық өтінішті келу тәртібінде беру бойынша міндеттеме қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын тұлғаларға, сондай-ақ электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне қатысушыларға қолданылмайды.
17.3. Салық кодексінің 568-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оларға сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне міндетті қою үшін шекті мән 30 000 АЕК-тен 3 234 АЕК-ке дейін төмендетілді;
17.4. Бұдан басқа, 2016 жылғы 1 сәуірден бастап қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру бойынша міндет бірінші басшыға жүктеледі, бұл ретте мұндай өтінішті берген кезде бірінші басшыны фотоға түсіру жүзеге асырылады. ҚҚС куәлігін беру кезінде фотоға түсіру жойылды;
17.5. Салық кодексінің 570-бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оларға сәйкес 2016 жылғы 1 сәуірден бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою рәсімін оңайлату мақсатында ҚҚС куәлігінің бланкісі электрондық форматқа (дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкті берумен ұқсас) ауысады, яғни ҚҚС куәлігінің бланкісін қағаз тасымалдағышында беру жойылды;
17.6. 646-баптың 1-тармағының үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылды, оған сәйкес Салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша мынадай:
автодүкендер, шатырлар арқылы қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын;
банктік компьютерлік жүйелер, оның ішінде қызмет көрсетуге ақы төлеу терминалдары жарақтандырылған банктік компьютерлік жүйелер болып табылатын бақылау-касса машиналары салық органында есепке қоюға жатады.
17.7. 650-баптың 5-тармағының бірінші бөлігіне енгізілген өзгерістермен, бақылау-касса машинасының есепке қоюы жүргізілген салық органына аталған тармақта көзделген құжаттарды беру мерзімі салық органы пломбасының бүтіндігін бұзбай жою мүмкін емес бақылау-касса машинасының техникалық ақауы пайда болған кезден бастап бес жұмыс күніне дейін ұлғайтылды.
18. Салықтық әкімшілендіру
18.1. Салық кодексінің 48-бабының 1-тармағына өгерістер енгізілді, оларға сәйкес республикалық бюджетке келіп түсетін, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлінетін салықтарды және (немесе) өсiмпұлдарды төлеу бойынша салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту туралы шешімді салық төлеуші орналасқан жері бойынша тіркелген мемлекеттік кірістер органына қатысты жоғары тұрған салық органы қабылдайды.
18.2. Салық кодексінің 621-бабының 1-тармағына өгерістер енгізілді, оларға сәйкесмемлекеттік кірістер органдары салық берешегі туындаған күннен бастап төрт айдан астам уақыт бойы өтелмегенсалық берешегі бар салық төлеушілердің тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
19. Ірі салық төлеушілер мониторингі
19.1. Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып ірі салық төлеушілер мониторингін жетілдіру мақсатында Салық кодексінің 77, 624 және 624-1-баптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, олармен ірі салық төлеушілер қажетті есепті деректерді корпоративтік табыс салығы, үстеме пайда салығы, қосылған құн салығы және пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша ақпарат қамтылатын салық тіркелімдерінің нысандарында ұсынатыны көзделген. Сондай-ақ ірі салық төлеушілер кәсіпорындардағы қаржы-шаруашылық қызметінің өзгерістеріне және болжамды салықтардың түсіміне аса жедел ден қоюға мүмкіндік беретін жоспарлайтын қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштері туралы салық тіркелімін ұсынатын болады.
19.2. Уәкілетті орган мен ірі салық төлеушілердің өзара іс-қимыл тәртібі регламенттелді. Мониторинг нәтижелерi бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган ол туралы мониторингке жататын iрi салық төлеушiге хабарлайды. Ірi салық төлеушi күнтiзбелiк 15 күн ішінде жазбаша түсiндiрмені ұсынуға мiндеттi.
Ұсынылған түсiндiрумен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган қосымша құжаттар мен түсiндiрулерді ұсына отырып, туындаған мәселелерді талқылау үшiн мониторингке жататын осындай iрi салық төлеушiні шақыруға құқылы.
Мониторинг нәтижелерiн қарау қорытындылары бойынша уәкiлеттi орган жазбаша түрде уәжделген шешім шығарады, ол шығарылған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде iрi салық төлеушiге жолданады.
Уәжделген шешіммен келiсу туралы хабарламаны мониторингке жататын iрi салық төлеушi оны алған күнiнен бастап күнтiзбелiк 5 күн ішінде ұсынады.
Сондай-ақ өзгерістер салықтық тексеру барысында жол берілген бұзушылықтарды анықтау тұжырымдамасынан салық төлеушімен ашық диалог арқылы салықтық бұзушылықтарды алдын алуға көшуге бағытталғанын атап өту қажет.
20. Салық төлеушi шағымының нысаны мен мазмұны
Заңмен кедендік және салықтық тексеру нәтижелеріне шағым беру және қарау рәсімдерінің біріздендіруі көзделген.
Атап айтқанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Кеден кодексіне енгізілген түзетулермен мынадай өзгерістер енгізілді:
- 175-баптың 1-тармағымен шағымды беру тәсіліне қарай беру күні регламенттелген;
- 175-баптың 2-4-тармақтарымен шағымды берген тұлғаның өтінішхаты бойынша шағым берудің өткізіп алған мерзімін қалпына келтіру көзделген;
- 175-баптың 1-тармағымен және 178-баптың 1-тармағымен жұмыс күндерінде шағымды беру және қарау мерзімдерін есептеу белгіленген, бұл ретте мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымын қарау үшін – шағым тіркелген күннен бастап қырық бес жұмыс күнінен аспайтын мерзім белгіленді;
- 178-баптың 2-тармағымен шағымды қарау кезінде тексеру барысында ұсынылмаған құжаттар берілген жағдайда жоспардан тыс көшпелі кедендік тексеру тағайындау мүмкіндігі белгіленді;
- 178-баптың 2-тармағымен шағымда жазылған мәселелер бойынша кездесу өткізу мүмкіндігі бекітілді;
- Салық кодексімен белгіленген рәсіммен ұқсастығы бойынша 179-баптың 3-тармағына сәйкес шағымды қарау нәтижелері бойынша шағым жасалған хабарламаның бір бөлігінің күші жойылған жағдайда хабарлама шығарған мемлекеттік кірістер органы хабарламаға шағымды қарау қорытындылары туралы хабарлама шығарады және жібереді.
Сондай-ақ, Салық кодексінің 670-бабының 1 және 3-тармақтарына, 672-бабының 3-тармағына, 680-бабының 1-тармағына және 682-бабына, сондай-ақ Кеден кодексінің 178-бабының 1-тармағына және 180-бабының 3-тармағына енгізілген өзгерістермен жаңа шағымға толықтырулар ұсынылған жағдайда шағымды қарау мерзімін он бес жұмыс күніне ұзарту рәсімі енгізілді.
Салық кодексінің 669-бабының 2-тармағына және Кеден кодексінің 177-бабының 2-тармағына енгізілген өзгерістермен шағымда жазылған мәселелер бойынша сотқа талап арыз берген фактілері белгіленген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоғары тұрған мемлекеттік кірістер органы шағымды берген тұлғаны шағымды қараудан бас тартатыны туралы хабарлайтыны анықталды.
Бұдан басқа, Заңмен бірқатар заңнамалық актілерге, атап айтқанда «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» 1995 жылғы 17 сәуiрдегіҚазақстан Республикасының Заңына, «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегіҚазақстан Республикасының Заңына, «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағыҚазақстан Республикасының Заңына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегіҚазақстан Республикасының Заңына, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегіҚазақстан Республикасының Заңына, «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағыҚазақстан Республикасының Заңына, «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы»2011 жылғы 20 шілдедегіҚазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 5 желтоқсандағыҚазақстан Республикасының Заңына, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегіҚазақстан Республикасының Заңына,«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңынаөзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Осы хат жұмыста басшылыққа алу үшін жолданады.
Бұл ретте, қабылданған заңдармен белгіленген нормалардың әртүрлі ену мерзіміне назар аудару қажет.
Мемлекеттік кірістер департаменттер аталған хаттың салық төлеушілердің назарына, оның ішінде оны ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарындағы ақпараттық стендтерге, сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер органдарыныңweb-сайттарына орналастыру жолымен жеткізу бойынша шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кіріс комитеті
Салық салу әдіснама департаменті
Директорының м.а. Л. Ережепова
Орынд. Л.Мұрзағалиева
Тел. 71-82-05