Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері – мемлекеттерінің аумағынан (ЕАЭО) әкелінетін тауарларға, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы кодына сәйкес қорытынды қабылдау туралы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің түсініктемесі
Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері – мемлекеттерінің аумағынан әкелінетін тауарларға, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы кодына сәйкес қорытынды, шаруалық тұлғамен ұсынылған белгіленген үлгідегі өтінішке және өтінішке қосымша бекітілген құжаттарға сәйкес беріледі.
Қазақстан Республикасының аумағына Еуразиялық экономикалық одақ мүшелері – мемлекеттерінің аумағынан әкелінетін тауарларға, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің тауарлық номенклатурасы кодына сәйкес қорытынды, ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес тауарлардың кодын анықтау мақсатына ғана белгіленген.
Тауарлардың коды бойынша қорытынды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы №824 «Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қаулысына сәйкес беріледі және Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1229 «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 56 «Импорты қосылған құн салығынан босатылатын Қазақстан Республикасының дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелген және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат құжаты) негізінде импортталатын, Қазақстан Республикасы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген кез келген нысандағы дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың; ветеринария саласында пайдаланылатын (қолданылатын) дәрілік заттардың; ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен ветеринариялық техниканың, мүгедектерге берілетін протездік-ортопедиялық бұйымдарды, арнайы қозғалыс құралдарын қоса алғанда, сурдотифлотехниканың; протездік-ортопедиялық бұйымдарды және медициналық (ветеринариялық) техниканы қоса алғанда, кез келген нысандағы дәрілік заттарды, медициналық (ветеринариялық) мақсаттағы бұйымдарды шығаруға арналған материалдардың, жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген тәртіпте ЕАЭО тауарлары импортын қосылған құн салығынан босатуды ұсынудың дұрыстығы туралы қорытындыны құзырлы лауазымды тұлғамен қабылдау үшін ғана арналған. Сондай-ақ құзырлы лауазымды тұлғамен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 93 бұйрығы «Қосылған құн салығы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі), "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңында белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидасын бекіту туралы» Қаулысына сәйкес әкелінетін тауарларға есептеу әдісімен ҚҚС төлеу мүмкіндігі туралы қорытынды қабылдау үшін беріледі.
Қосылғын құн салығын төлеуден немесе есептеу әдісімен ҚҚС төлеуден босатуды қолдану үшін берілетін қорытындыны алу үшін, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне келесі ақпараттар қамтылған құжаттармен қоса жазбаша өтініш жолдау қажет: тауардың коммерциялық және фирмалық толық атауы, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарды дұрыс теңестіру үшін негізгі коммерциялық, техникалық және басқа да сапасы туралы сипаттамасы.
Қажеттілігіне байланысты қорытындыны қабылдау үшін тауарлардың суреттері, сызбалары, өнімнің паспорты, тауарлардың үлгілері мен сынамалары және басқа да құжаттар ұсынылады.