Қаржы мониторингі субъектілерінің назарына!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің (бұдан ары – Комитет) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы» Заңының (бұдан ары - АЖ/ТҚҚК туралызаң) 3-бабы 1-тармағы 13-16 тармақшаларынасәйкесхабарлайды, қаржы мониторингі субъектілеріне мыналар жатады:
- лизинг беруші ретінде лизингтік қызметті лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңдытұлғалар;
- ломбардтар;
- бағалы металдармен және асылтастармен, олардан жасалған зергерлік бұйымдар мен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
- жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асыру кезінде делдалдық қызметтер көрсететін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар.
АЖ/ТҚҚК туралы заңның 3-бабы 3-тармағына сәйкес, жоғарыда аталып өткен қаржы мониторингі субъектілері «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға қызметті жүзеге асыруды бастағаны және тоқтатқаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.
Осыған байланысты, Комитет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес туралы заңнаманы түсіндіру бойынша жұмыс кездесуін өткізеді, сондай-ақ ескерту хаттар қабылдайды.
Ескерту хат ұсыну үшін мөр және жеке куәліктің түпнұсқасы қажет.
Кездесу мына мекенжай бойынша өтеді:
- 2016 жылдың 7 қарашасында, сағат 10-00-де, Тараз қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Акт залында, Тараз қаласы, Қойгелды көшесі, 188,
Анықтама телефондары: 8 /7172/ 74-97-39, 74-97-49, 74-97-52, 74-92-26, 8 /7262/ 45-08-49.