Жарияланған күні: 21.12.2016 12:31
Өзгертілген күні: 21.12.2016 12:34

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті Жамбыл облысы бойынша Мемлееттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметке қатысушылары мен халқының (жеке тұлға) назарына, Социалистік Вьетнам Республикасынан импортталатын тауарлар мен химиялық біріктірудің жеке түрлері, ферросиликомарганец, ауылшаруашылық және өндірістік тауарлар, минералды шикізат және құнды металлдарға қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың  Бірыңғай кеден тарифі бойынша әкелінетін кедендік баждар ставкаларының белгіленгендігі туралы хабарлайды.

  1. 2016 жылғы 25 қазандағы № 170 «Еуразиялық экономикалық одақтың  Бірыңғай кеден тарифі бойынша химиялық біріктірудің жеке түрлеріне қатысты әкелінетін кедендік баждар ставкаларын белгілеу туралы» Шешімі.

    ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес 2812 90 000 0, 2850 00 200 0, 2931 90 800 9 кодымен сыныпталатын химиялық біріктірулер, Шешімнің күшіне енген күнінен бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде кедендік құнынан 0% көлемде.

    Аталған Шешім ЕАЭО арнайы сайтында жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді, бірақ 2017 жылғы 02 қаңтардан ерте емес.

  1.  2016 жылғы 02 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы Коллегиясының №58 Шешімінің күшіне енуі, 2016 жылғы 27 қазандағы № 9 Шешімімен бекітілді.

    Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғалған, демпингке қарсы және өтемақылы шараларды қолдану туралы және Еуразиялық экономикалық комиссиясының Ішкі сауданы қорғау Департаментінің баяндамасының негізінде, Еуразиялық экономикалық комиссия Коллегиясы, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағына әкелінетін Украинада өндірілген ЕАЭО СЭҚ ТН 7202 30 000 0 кодымен сыныпталатын ферросиликомарганец тауарына қатысты демпингке қарсы баждарды енгізе отырып,  демпингке қарсы шараларын қолдануды, демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін 5 жылда келесідей мөлшерде (кедендік құннан пайыздық көрсеткіште) белгілей отырып шешті:

  • «Никопольский завод ферросплавов» компаниясы үшін - 26,35%
  • «Запорожский завод ферросплавов» компаниясы үшін - 26,35%
  • «Стахановский завод ферросплавов» компаниясы үшін - 26,35%

   Бұл Шешім 2016 жылғы 27 қазандағы № 9         Шешімі арнайы жарияланған күні күшіне енді.

  1. 2016 жылғы 25 қазандағы «Ауыл шаруашылық және өндірістік тауарлардың жеке түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелінетін кедендік баждың ставкаларын бекіту және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы » № 116 Шешім.

    «Апельсины сладкие, свежие», «Семена тмина римского, или тмина волошского, недробленые и немолотые», «Семена тмина римского, или тмина волошского, дробленые или молотые», «Семена аниса или бадьяна недробленые и немолотые», «Семена тмина или фенхеля; ягоды можжевельника, недробленые и немолотые», «Семена аниса или бадьяна дробленые или молотые», «Семена тмина или фенхеля; ягоды можжевельника дробленые или молотые», «Дубленая кожа во влажном состоянии (включая хромированный полуфабрикат), недвоеная, двоеная из шкур овец или шкурок ягнят, без шерстяного покрова, без дальнейшей обработки» тауарларына қатысты кедендік құннан 0% мөлшерде әкелінетін кедендік баждың ставкасы уақытша белгіленіп, 2017 жылғы 02 қаңтар мен 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде қолданылады.

    Бұл Шешім 2017 жылғы 02 қаңтардан бастап күшіне енеді.

  1. Құрамында құнды металлы бар немесе қосылған құнды металлдары бар минералды болмысты шикізаттың жеке түрлеріне  қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің әкелінетін кедендік баждың ставкаларын бекіту және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 Шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЕАЭО СЭҚ ТН 2616 10 000 0, 2616 90 000 0, 7106 10 000 0, 7106 91 000 9, 7108 11 000 0, 7108 12 000 9, 7110 11 000 9, 7110 21 000 9, 7110 31 000 0, 7110 41 000 0 кодтарымен сыныпталатын  құрамында құнды металлы бар немесе қосылған құнды металлдары бар минералды болмысты шикізаттың жеке түрлеріне  қатысты, кедендік құннан 0% мөлшерде әкелінетін кедендік баждың ставкасы (2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 Шешімі) белгіленіп, 2017 жылғы 02 қаңтар мен 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімде қолданылады (сілтеме 40С).

Тауарлардың тізіміне 2015 жылғы 14 қазандағы № 59 Шешімге сәйкес 7110 11 000 9, 7110 21 000 9, 7110 31 000 0, 7110 41 000 0 кодтарымен сыныпталатын тауарлар бойынша «4» сілтеме белгісімен толықтырылған өзгерістер енгізілді.

Бұл Шешім 2017 жылғы 02 қаңтардан бастап күшіне енеді.

  1. 2016 жылғы 25 қазандағы «Социалистік Въетнам Республикасы үшін әкелінетін кедендік баждар ставкалары қолданылатын жеке тауарлардың тізіміне өзгерістер енгізу туралы»

№ 115 Шешімі.

         Еуразиялық экономикалық комиссиясы Коллегиясының 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 36 әкелінетін кедендік баждардың ставкалары қолданылатын жеке тауарлар тізімі туралы Шешіміне, кейбір позицияларды алып тастау (№ 1 қосымша) бойынша, кейбір позицияларды қосу (№ 2 қосымша) бойынша өзгерістер енгізілді.

     Бұл Шешім 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап күшіне енеді.