Жарияланған күні: 19.12.2022 08:24
Өзгертілген күні: 19.12.2022 08:25

««Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» интернет-порталында   (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcar?d=14343810) 2022 жылы 29 желтоқсанға дейінгі мерзімге орналастырылған.

Осы Қағидалардың реттеуші құралдарды қалыптастыру шарттарына және (немесе) кәсіпкерлік субъектілерінің орындауы үшін міндетті талаптарға сәйкестігін қайта қарау (талдау) жүргізу барысында Қағидалардың кейбір тармақтарында бизнеске артық талап белгіленді.

Бизнеске артық талап белгілерді сәйкестендіру мақсатында Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларына тиісті өзгерістер енгізіледі.