2014 жылдың 6 тамызы күнгі ҚР Президентінің № 883 санды « ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жандандыру туралы» Жарлығы негізінде , ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) Агенттігі таратылып, оның экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу жүргізу құзіреті ҚР Қаржы Министрлігіне жүктелген болатын.
ҚР Қаржы Министрлігінің құрылымында Мемлекеттік Кірістер Комитеті ашылған. Ол комитетке салық блогы, кеден блогы және құқық қорғау блогы біріктірілді.
Экономикалық тергеу қызметінің негізгі мақсаты ол, экономика саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және қарсы іс қимыл жасау, (заңсыз кәсіпкерлік, жалған кәсіпкерлік, жалған ақша жасау,қаржы саласындағы құқық бұзушылықтар, қаржы- несие саласындағы құқық бұзушылықтар, бюджет, салық және кеден саласындағы құқық бұзушылықтар және заңсыз ойын бизнесіне, есірткілік психотропты заттардың заңсыз айналымына қарсы іс шаралар атқару).
Демек, экономикалық терегу қызметінің негізгі бағыттары ол, экономика салысы мен «көлеңкелі» экономика, салық және кеден, қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға оған қарсы іс қимыл жасауға бағытталған.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің экономикалық тергеу қзыметі Тараз қаласы Толеби көшесі № 81 ғимратында орналасқан.