Декларацияны ұсынбағандарға хабарламалар жіберілді
2024 жылдың 15 қыркүйегінде жалпыға бірдей декларациялаудың 3 кезеңі аясында 250.00 және 270.00 нысан декларацияларын ұсыну мерзімі аяқталды.
Облыс бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00 нысан) - 26 154 жеке тұлғалар, табыстар мен мүлкі туралы декларацияны (нысан 270.00) - 21 597 жеке тұлғалар ұсынбаған.
Декларацияны ұсынбаған тұлғаларға салық есептілігін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде ұсынбау туралы хабарлама жіберілді.
Хабарламалар алған тұлғаларға 30 жұмыс күні ішінде Декларацияны тапсыруды сұраймыз.
Декларацияны ұсынбау немесе уақытылы ұсынбағаны үшін ҚР ӘҚБтК-не сәйкес әкімшілік жауапкершілік қаралатыны және Хабарламаны уақытылы орындамағаны үшін банктык шоттарына шектеу қойылатыны туралы ескертеміз.