Жарияланған күні: 10.06.2016 16:24
Өзгертілген күні: 10.06.2016 16:41

                             Білімгерлермен   өткен  бір  күн!  

       Мемлекттік кіріс комитетінің төреағасы Д.Е. Ергожинның  берілген тапсырмасын орындау мақсатында «Салық есебін қабылдау және өңдеу орталығы» және «Кедендік рәсімдеу орталығында» М.Х. Дулати университетінің экономика мамандығының 3 курс студенттерімен «Ашық есік күндері » өткізілді.            

              

          Өйткені ертеңгі болашақ осы жастардың қолында. Өткізіп жатқан акциямызда жастарымыздың болашақ маман ретінде мемлекттік кіріс органдары жайлы оң имидж қалыптасуын, мемлекттік кіріс қызметкерлеріне деген  әлеуметтік жаупкершілікті және  сенімін арттырып,  мемлектіміздің әл-ауқатын көтермелеп, экономикалық қауіпсіздігін қатайту  үшін еңбек етіп жүргендігін жеткізу. Болашақ  қаржыгерлер ,экономист және бухгалтерлер  «Салық есебін қабылдау және өңдеу орталығының» бөлім жетекшісі Г. Рахимбердиев, сондай-ақ «Кедендік рәсімдеу орталығынның » бас маманы А.Есчанов сынды қызметкерлерден, орталықтың жұмыс барысы жайында өз көздерімен көріп танысты. Экурскурсия кезінде студенттеріміз салық және кеден саласындағы  мамандардың  бір күндік жұмыс барысы және  еңбектерімен танысты.

          Егер «театр ілгіштен басталса»,салық саласында жұмыспен танысу «Салық есебін қабылдау және өңдеу орталығынан» басталады, яғни күнделікті әр-түрлі деңгейдегі салық төлеушілерді  қабылдау және солардан туындап жатқан сұрақтар жауабын беру. Мұнда салықтық арыздар және салықтық есептердің формаларын қабылдау,бақылау кассалық машинасын және жеке тұлғалардың жеке кәсіпкерлігін тіркеу, анықтама және тіркеу карточкасын берумен айналысады. Сол сияқты, студенттер мүлікке,жерге,көлік құралдарына салынатын салық есебімен танысты. Сонымен қатар,мысал ретінде мемлекетік қызметке орналасу үшін толтырылатын мүлік және кіріс декларациясынның өткізілу тәртібімен танысты.

       Тараз қалалық  мемлекеттік кіріс баскармасының бөлім жетекщісі Рахымбердиев Г.  «Салық есебін қабылдау және өңдеу орталығының» мемлекттік қызметінің тізімімен таныстырды. Онан  әрі қарай  мемлекттік кіріс басқармасы орналасқан әкімшілік ғимаратындағы басқа да  бөлімшерімен қатар , кеден саласындағы  «Кедендік рәсімдеу орталығымен » таныстырылды.

         Студенттер салық және басқада міндетті төлем бойынша берешек суммасын өндіру процессімен егжей-тегжейлі танысты.Салықтармен төлемдердің түсетінін, қалай есепке алуды,төлемдерді кодтары бойынша үйлестіруді үйренді. Салық  есептігін электронды нысандар бойынша жүргізіліп  жатқан  камеральдық тексерудің  барлық  деңгейімен танысты. Студенттер тарапынан  салықтардың мөлшерлемеріне , салық есептігінің нысандарын ұсыну мерзіміне , жеке санаттағы азаматтарға қатысты  салық жеңілдіктері қолдану жайында сұрақтарын қойып  жатты. Салық және кеден саласының қызметкерлері толық  жауабы  берілді, кең көлемде мағлумат алуға мүкіндік туғызды.

         Таныстыру экскурсиясын  «Кедендік рәсімдеу орталығының » бас маманы А. Есчанов жалғастырылды,  студенттерге  тауарларды ресімдеу кезеңінде қажетті құжаттардың үлгілерін көрсетті. Қазіргі уақытта мемлекттіміздің кедендік одағындағы  және дүниежүзлік  сауда үйымының мүшесі ретіндегі орны жайлы таныстырды. Студентерге кеден қызметкерлерінің жұмыс орны, айлығы, қалай ынталандыратындығы қатты қызықтырды. Оларға бәріненде кеденшілердің  киінген формасы ұнады.

         Кездесу соңында ,Тараз қалалық мемлекттік кірістер басқармасының басшысы Зикеев Е.  және «КРО-Тараз» кеден бекетінің басшысы Молдабеков А  М.И. Дулати атындағы  Мемлекеттік университетің ректорына,   жастарымызды осындай шараларға ұйымдастырып  ат салықаны және мемлектімідің экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін   шын жүректен алғысын білдірді.

         Өз ара осындай пайдалы іс-әректтің бірі, Тараз қаласының Мемлекттік университеттің  студентері,  Жамбыл облысы бойынша мемлекттік кіріс департаментінің аумақтық  басқармаларында өндірістік  практикасын  өтуі. Ең бастысы бұл шарада  жастарымызды өркендеп келе жатқан мемлекетімізге  лайықты , салауаты  білімді мамандарды  дайындау.        

 Біз болашақ мемлекеттік кірістер қызметкерлерінен ,жаңа тұжырымдамалық шешімдер және есептер, қызметімізді  түбегейлі жетілдіретіндей қабілетті жастарды  көргіміз келеді. Орнымызға келер  жас буындардын, яғни  салық және кеден қызметкелерің орыны біз үшін маңызды.