Жарияланған күні: 14.03.2017 09:13
Өзгертілген күні: 14.03.2017 09:22
БАҚ-қа АРНАЛҒАН АНОНС!
     Ертең, 2017 жылдың 15 наурызында сағат 12-00-де Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік сатып алудағы құқық бұзушылықтар» тақырыбында брифинг өтеді. 
Пресс-релиз
     Басқарманың негізгі басымдығы болып мемлекеттік сатып алу қызметіндегі экономикалық құқық бұзушылықтарды және квазимемлекеттік сектордағы құқық бұзушылықтарды анықтау табылады.
     Сонымен, 2016 жылы облыстың МКД ЭТҚ ҚСҚБТБ-ның өндірісінде 208 қылмыстық іс болып, оның ішінде 186 қылмыстық іс өндіріспен аяқталған.
     Мемлекеттік сатып алу қызметінде - 71 құқық бұзушылық, квазимемлекеттік секторда – 56, Ұлттық компаниялар бойынша – 7 құқық бұзушылықтар тіркелген.
Жедел ақпарат бойынша – 59 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 43 сотқа жолданаған.
Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор салалары бойнша
     Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында бюджеттік қаражатты жымқыру саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша Басқарманың өндірісінде 71 қылмыстық іс болып, оның ішінде 61 өндірістен аяқталған, солардың ішінде 40 іс сотқа жолданған, 21 іс, олардың ішінде 9 іс келтірілген залалды өтеуіне байланысты ақталмайтын негіздермен өндірістен қысқартылған.
     Жоғарыда аталған істер бойынша анықталған келтірілген зиянның мөлшері 36,1 млн теңге, оның ішінде 6,4 млн теңге өндірілген. Және де, қылмыстық істер бойынша бізбен 233 млн. теңге көлемінде  мүлікке тыйым салынып, соттың шешімі бойынша мемлекеттің кірісіне өндірілді.
     Мемлекеттік сатып алу саласында бізбен жедел ақпарат бойынша 50 құқық бұзушылық анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді.
2016-2017 жылдары Жамбыл облысында құрылыс нысандары бойынша жалпы сомасы 41,5 млрд. теңгеге 332 мемлекеттік сатып алу өткізілген.
     Қазіргі таңда жалпы сомасы 20,3 млрд. теңгені құрайтын 280 нысан аяқталып, пайдалануға тапсырылған, олардың ішінде 2017 жылға өтетіндердің саны жалпы сомасы 21,2 млрд. теңге болатын 52 нысанды құрайды. 
2017 жылы жалпы құны 2,4 млдр. теңгені құрайтын бес жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішіне, Байзақ ауданы Байзақ ауылында 300 орындық орта мектептің, Меркі ауданы Сарымолдаев ауылында 600 орындық жаңа ғимараттың құрылысы кіреді.
     Басқарма қызметкерлерімен инвест жобаларға бөлінген бюджеттік қаражатттарды жымқыруды ескерту және мемлекеттік сатып алу саласындағы «тәуекелді» кәсіпорындарды талдау бойынша үнемі әр жоба бойынша ақпараттар жиналуда.