Жарияланған күні: 10.06.2016 16:52
Өзгертілген күні: 10.06.2016 18:25

     Жамбыл облысы бойынша мелекеттік кірістер департаменті  хабарлайды, «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңының (Салық кодексі) 472 бабы 3 тармағына сәйкес алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткізуге лицензия алған тұлғалар тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда, алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлейтіні белгіленген. Лицензияға төленетін алымның мөлшері 100 айлық есеп көрсеткіші болып саналады. 2016 жылға – 212100 теңге құрайды.Төлемнің коды – 105402.

     Аталған шарттар орындалмаған жағдайда, алкоголь өнімін сатуға құқық беретін жыл сайынғы лицензиялық алымды төлеу бойынша заңмен белгіленген талаптарды бұзғаны үшін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 282 бабының 8 бөлігіне сәйкес айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылады.