Жарияланған күні: 14.09.2023 09:51
Өзгертілген күні: 14.09.2023 09:53

   Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментімен және Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен бірге 2023 жылдың 5 қыркүйегінен бастап «Вейпсіз қала» жедел алдын-алу іс шарасы аясында Өскемен қаласындағы 4 сауда орны мен дүкендерінде бірреттік электрондық сигареттер және осыған ұқсас тұтатпай ішке тартуға арналған өнімдер ретіндегі бірреттік жеке электр буландырғыш құрылғыларды, оның ішінде сұйықтықтар мен гельдерді сәйкестендіру құралдарынсыз сату мәселесі бойынша тақырыптық тексерулер жүргізуде.

     Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 8 млн. 303 мың теңгеге 1880 дана электрондық сигареттер мен никотин бар сұйықтық тәркіленді.

     Салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 28.09.2020 жылғы №927 бұйрығын бұза отырып, жоғарыда көрсетілген темекі өнімдерін сәйкестендіру құралдарынсыз өткізген.

      Осы бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК 283-бабының 2-бөлігі бойынша жауапкершілік көзделген. Санкция құқық бұзушылықтың тікелей нысаны болып табылған акцизделетін тауарларды тәркілей отырып, елуден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі жазаны көздейді.

      Қажетті шаралар сот шешімі шыққан соң қабылданады.

      Темекі өнімдері мен бірреттік электрондық сигареттердің айналымын бақылау тұрақты негізде жүргізілетін болады.        

       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде вейптер мен электронды сигареттердің ұлт денсаулығына қауіп төндіретінін атап өтті:

       «- Ұлт денсаулығына қауіп төндіретін тағы бір кесел – вейптер мен электрондық сигареттердің алуан түрі. Өкінішке орай, оларды қолдану жасөспірімдер арасында сәнге айналды. Бұған олардың кең қол жетімділігі және болжамды зиянсыздығы туралы агрессивті жарнама көмектеседі. Бұл қауіпті құбылыспен күресу үшін шұғыл әрі жүйелі шаралар қабылдау қажет, шектеулермен ғана мәселе шешілмейді», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

       Электрондық сигареттер мен құрамында никотин бар сұйықтықты сәйкестендіру құралдарынсыз заңсыз сату ел экономикасына айтарлықтай зиян келтіреді және халықтың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.