БАҚ-қа АРНАЛҒАН АНОНС!
Ертең, 2017 жылдың 15 ақпанында сағат 15-00-де Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлық саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау (алдын алу) және қолданып жатқан шаралар жайлы» тақырыбында брифинг өтеді.
Пресс-релиз
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және анықтау бағытында бір қатар іс шаралар жүргізіліп, нәтижесінде жағымды көрсеткіштерге қол жеткізді.
Департаменттің лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық сипатындағы және лауазымдық қылмыстар бойынша, СДТТБТ-не (Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің біріңғай тізімі) тіркелген тергеп-тексеру фактілерінің төмендеуі байқалуда.
2015 жылдың есеп беру кезеңінде СДТТБТ-не 77 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істері тіркелген, оның 56-сы сыбайлас жемқорлық сипатындағы, ал 21-і лауазымдық қылмыстар бойынша, 2016 жылдың есебі бойынша СДТТБТ-не барлығы 31 тергеп-тексеру істері тіркелген, оның 20-сы сыбайлас жемқорлық сипатындағы және 11-і лауазымдық қылмыстар бойынша. Сонымен, 46 сотқа дейінгі тергеп-тексеру істердің санының төмендеуі байқалады.
2016 жылы Департаменттің лауазымды тұлғаларына қатысты басқа құқық қорғау органдарымен СДТТБТ-не тіркелген фактілер орын алған жоқ.
2015 және 2016 жылдардағы СДТТБТ-не тіркелген тергеп-тексеру материалдардың нәтижелі мониторингісінің есебіне орай, ІҚБ қызметкерлерінің жұмысы сотта келешегі бар, мемлекетке елеулі зиян келтірген маңызды құқықбұзушылықтарды анықтауға жұмылдырылды.
2016 жылғы тәртіптік практикада көрсетілген талдауға орай, Департаменттің Ішкі қауіпсіздік басқармасымен ЭТҚ қызметкерлеріне қатысты жалпы 37 қызметтік тергеу жүргізіліп, нәтижесінде әр түрлі тәртіптік жауапкершілікке 35 қызметкер тартылды. Ал, өткен жылмен салыстырғанда 22 қызметтік тексеріске (2015 жылы - 59 қызметтік тексеріс) төмендеп, қызметтік жауапкершілікке тартылған қызметкердің саны 27 тұлғаға (2015 жылы - 62 қызметкер) қысқартылғандығы байқалады.
Қол жеткізген оңтайлы жетістіктер аталған бағыттағы жұмыстың тура жүргізіліп жатқандығын айқындайды.
Департаментте кадрлік мәселеге аса ерекше назар аударылып отыр.
Кадрлық ауысу кезінде, полиграф – құрылғысын қолдана отырып, полиграфологиялық зерттеу өткізу тәжірибесі қолданылуда.
Бос ваканттық орындарға жеке құрамды жинақтастыру бойынша Департаментпен жұмыстар жүргізу мезгіліне конкурстық процедураларды өткізуге қатысы бар қызметтік тұлғалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және конкурстық рәсімдердің айқындылығына бақылауды жүзеге асыру үшін ІҚБ-ның жауапты қызметкері міндетті түрде бекітіледі.
Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңындағы жүйелі іс-шараларды іске асыру аясында, 30.05.2016 жылы Департаментте сыбайлас жемқорлық болымына ішкі талдау жасау үшін профильді құрылымдардың ішінен жұмыс тобы құрылып, оның жұмыс регламенті бекітілді. Құрылған жұмыс тобының бірден-бір мақсаты, ол нормалармен құзырына кір келтіретін, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал еткен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды құқық қорғау тәрбие талдау тәжірибесін қолдану арқылы және Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген мониторингтің нәтижелерін қарау. 01.06.2016 жылмен 01.01.2017 жыл аралығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 70 мониторингтер және 3 сыбайлас жемқорлық болу қауіпі талдауы жүргізілді. Жұмыс тобы қызметінің азғана уақытына қарамастан, сыбайлас жемқорлықты жасауға ықпал ететін, шешімдерді қабылдау кезінде қауіпі бар сыбайлас жемқорлықтар кедендік заңдылықтарда анықталып, ҚР ҚМ МКК-не 5 ұсыныс қарауға жолданды.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары тарапынан Қазақстан Республикасы заңдылығының бұзылуы мен құқыққа қайшы іс-әрекеттері фактілері туралы хабарлау үшін, Сіз тікелей Ішкі қауіпсіздік басқармасына 34-75-36 телефоны арқылы және тәулік бойы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 34-75-38 сенім телефонына хабарласуыңызға болады.