Date of publication: 28.07.2016 11:57
Date of changing: 01.08.2016 18:20

    

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті барлық салық төлеушілердің назарына төмендегі хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтезбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізілетін (шамалы 2016 жылғы 5 тамызда) «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы №324 бұйрығына  сәйкес,салық есептілігінің нысандарына және 200.00, 220.00, 400.00, 421.00, 590.00, 700.00, 701.00, 701.01 нысандарын толтыру қағидаларына, сондай-ақ 100.00, 150.00, 230.00, 300.00, 910.00, 920.00 нысандарын толтыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.

Салық төлеушілер үшін көрсетілген салық есептілігінің 2016 жылға арналған жаңа нысандары 2016 жылдың 5 тамыздан бастап қолжетімді болады.

Бұйрық күшіне еңгізілгенге дейін мемлекеттік кірістер органдарына тапсырылған салық есептілік нысандары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 584-бабына сәйкес тапсырылды деп саналады, өйткені тапсыру кезеңінде салық есептілігі нысаны өкілетті орган бекіткен үлгіге сәйкес болғаны туралы хабарлайды.

Осыған байланысты Бұйрық күшіне енгеннен кейін (шамамен 5 тамыздан кейін) салықтық міндеттемені орындағанда, жаңа үлгідегі салық есептілігі        2016 жылғы 2 тоқсанға салық есептілігін ұсынбаған салық төлеушілер тапсырады, сол себептен аталған міндеттеме салық есептілігін тапсырып қойған салық төлеушілерге таратылмайды.