Date of publication: 14.06.2021 08:45
Date of changing: 14.06.2021 08:50

Кім ЭШФ жазып беруге міндетті?

(Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағы

 

  • ҚҚС төлеушілер: (Салық кодексінің 367-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы)
  • алып қою Тізбесіне енгізілген тауарларды өткізу кезінде салық төлеушілер;
  • ҚҚС төлеуші болып табылмайтын комиссионер (Салық кодексінің 416-бабында белгіленген жағдайда);
  • ҚҚС төлеуші болып табылмайтын экспедитор (Салық кодексінің 415-бабында белгіленген жағдайда)
  • импортталған тауарды өткізген кезде салық төлеушілер (импорттаушы болып табылады ма жоқ па оған қарамастан);
  • мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі.

 

 2021 жылғы 1 сәуірден бастап ЭШФ жазып беруге міндетті: (Салық кодексінің 412-бабының 1-тармағы)

 

- «Виртуалды қойма» модуліне түскен тауарларды өткізу кезінде ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер;

    - салық төлеушілер – жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша;

    - құны 1000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша ҚҚС төлеуші  болып табылмайтын салық төлеушілер:

- резидент-заңды тұлғалар;

- Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын бейрезиденттер;

- дара кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын тұлғалар (жеке нотариус, жеке сот орындаушы, адвокат, кәсіби медиатор).

 

Шот-фактураларды жазып беру мерзімдері:

(Салық кодексінің 413-бабы)

 

- Салық кодексінің 413-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарларды, қызметтерді сату бойынша айналым күніне келетін айдан кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірмей;

- тауарларды экспорт кедендік рәсіммен орналастыра отырып әкеткен жағдайда – сату бойынша айналым жасалған күнінен кейінгі  күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей;

- күнтізбелік тоқсанның қорытындысы бойынша – есептелген сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржылық лизингіне беру кезінде тоқсаннан кейінгі айдың 20-сы күнінен кешіктірмей;

- сатып алушының билік етуіне сәйкестендірілген тауарлардың ұсынылуын растайтын тауарға ілеспе құжаттар негізінде тауарларды сату кезінде – сату бойынша айналым күніне келетін айдан кейінгі айдың 20-ы күнінен кешіктірмей;

- сату бойынша айналым жасалған күнінен ерте емес және осындай күннен кейін  күнтізбелік 15 күннен кешіктірмей - басқа жағдайларда;

- түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі;

- қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімдері   Салық кодексінің 420-бабында белгіленген.

 

Құрметті салық төлеуші!

 

ЭШФ жазып беру тәртібі Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электрондық нысанда шот-фактураны жазып беру қағидаларында айқындалған (Қазақстан Республикасының Қаржы министрі - Қазақстан Республикасы Премьер-Мнистрінің бірінші орынбасарының 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығы).

ЭШФ АЖ пайдалану – пайданушулар үшін тегін.

Сіз ҚР ҚМ МКК ЭШФ АЖ сайтында (esf.gov.kz) тіркеліп, ЭШФ жазып бере аласыз.