Date of publication: 16.03.2016 11:05
Date of changing: 16.03.2016 11:10

 

       Қазақстан Республикасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына және қызметтік киім кию тәртібіне сәйкес Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (ары қарай-Департамент) Экономикалық тергеу қызметінің (ары қарай-ЭТҚ) жедел-тергеу құрамы қызметкерлеріне ағымдағы жылдың ақпан айында арнайы қызметтік киімдер берілді. Қызметтік киі

м офицердің біліктілік сыныбы көрсетілген ерекше  қара көк түстегі кительден, ақ түсті көйлектен, көк-ала түстегі галстуктен, сұр түстегі шалбардан және ЭТҚ эмблемасы бар бас киімнен, сонымен қатар,  арқасында «экономикалық тергеу қызметі» деген жазуы бар көк түстегі жеңі жоқ кеудешеден тұрады.

         2016 жылдың наурыз айының 10 жұлдызында Департаменттің ЭТҚ алаңында салтанатты саптық тексеру өткізілді. Саптық тексеру сонымен бірге қызметкерлердің жаңа қызметтік киімдерін халық, облыстық қоғам және бұхаралық-ақпарат қралдары алдында таныстыру болып табылады. Қазіргі уақытта Департамент басшылығының талабына сәйкес қызметтік киімді күнделікті тұрғыда тергеушілер, профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасы және кезекші бөлім қызметкерлері киетін болады.

         Жаңа қызметтік киім ЭТҚ қызметкерінің намысын және беделін және мемлекет тарапынан алға қойылған міндеттерді орындау кезінде, яғни экономикалық қылмыстармен құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын-алу, бюджетке келтірілген залалдарды қайта өндіруде ЭТҚ қызметкерлерінің имиджін және беделін қалыптастыруда сөзсіз оң көмегін тигізетін болады.

         Департаменттің ЭТҚ қызметкерлері тұрақты әрі жоспарлы түрде аумақтың экономикалық қауіпсіздігі негізін күшейтеді деген сенімдеміз.   

  

   Жамбыл облысы бойынша МКД

   ЭТҚ ПЖжББ басшысы                                                       О.Пак