Date of publication: 30.11.2015 11:16
Date of changing: 30.11.2015 11:17

       Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті  2014 жылдың 1-ші шілдесінен бастап салықтөлеушілер шот –фактураны электронды түрде өз еріктерімен (яғни міндетті түрде емес) толтырып жіберуге болатынын мәлімдейді.
        Электрондық шот-фатура ақпараттық жүйесінде (ЭШФ АЖ) электрондық шот-фактура үзіндісі ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің әкімшілігімен  шығарылады.
        Айта кету керек, электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесінде қолданылу тегін жүргізіледі. Электрондық шот-фактураны шығару үшін, электрондық шот-фатура ақпараттық жүйесіне тіркелу керек және электрондық шот-фатура ақпараттық жүйесіне қатысу керек.
        Жүйеде жұмыс жасау үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан алынған Ұлттық куәләндіру орталығымен берілген кілт қолданылады.
       Электрондық шот-фактура үзіндісін қағаз жүзінде шот-фактура үзіндісімен салыстырғанда  бірнеше артықшылықтар бар:
-    Электрондық шот-фактуралардың үзінділерінің мерзімінің 15 күнтізбелік күнге дейін ұзартылуы, 7 күнтізбелік күнді құрайтын қағаз жүзінде үзінділерімен салыстырғанда;
-   Өз қызметкерлеріне шот-фактуралар үзінділері бойынша құқық беру мүмкіндігі;
-   Заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерімен жазылған электрондық шот-фактураларды басқару мүмкіндігі;
-   Сатылған тауарлар, көрсетілген қызметтер, жасалған жұмыстар бойынша шот-фактура реестрін толтырмау мүмкіндігі (300.00 декларация нысанына 7 қосымша), егер шот-фактура электронды түрде толтырылса;
-   Сатып алынған тауарлар, қызметтер, жұмыстар бойынша шот-фактура реестрін толтырмау мүмкіндігі (300.00 декларация нысанына 8 қосымша), егер сізге барлық шот-фактура электронды түрде толтырылса;
-   Қағаз үнемдеу және мөр дайындауға қаражатты үнемдеу мүмкіндігі;
-  Электрондық шот-фактураны жедел түрде жеткізілуі, сатып алушының мекен жайына қарамай ,сонымен қатар сатушы мен сатып алушы арасындағы электронды шот-фактура ақпараттық жүйесінде жедел ақпарат алмасу мүмкіндігі;
-   Электронды шот – фактура ақпараттық жүйесі форматтық-логикалық бақылау жүргізгендіктен қателерді табу мүмкіндігі;
-   «Клиент-Казначейства» ақпараттық жүйесінде төлем шотын автоматтандырылған түрде қалыптастыру, егер де тауар, жұмыс, қызмет сатып алушы мемлекеттік мекеме болып табылған жағдайда, төлемге электрондық қаржылық құжаттардың мінсіз қозғалысын  қамтамасыз етсе және де т.б.
Электрондық шот-фактура үзінді ережесі, анықтама ақпаратын электрондық шот-фактура ақпараттық жүйесі  бойынша WEB-порталда мына мекен- жайы бойынша: www.esf.gov.kz

 

 

 

Жамбыл облысы  бойынша Мемлекеттік кірістер            департаменті
Түсіндіру жұмыс басқармасы