Date of publication: 25.11.2015 09:57
Date of changing: 25.11.2015 10:04

Жаңа импорттық баждар ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енді. Кеден одағына мүше елдердің (қазіргі ЕАЭО) Бірыңғай кедендік тарифке (БКТ) енгізілген өзгерістер, импорттық баждардың ауқымды көлеміне әсерін тигізді (шамамен 11 мың). 

ЕАЭО БКТ импорттық баждарының төмендеуіне себеп, Ресей мемлекетінің Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) алдындағы міндеттемесін орындауы болып табылады. Осыған орай, «жаңа» ставкаларды қолдану  ЕАЭО  мүше-мемлекеттеріне (бұрынғы Кеден Одағы), және Қазақстан Республикасына бірдей таратылады.

Жаңа ЕАЭО БКТ өту барысында, әкелінетін кедендік баждардың ставкалары орта шамамен 9,6 % дан 7,5-7,8 % азайтылды, яғни 2% төмендеді.

Ставкалардың төмендеуі сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының (СЭҚ ТН) 5 мың позициясына әсерін тигізіп, көбінде 1-4 пайыздық пункт бойынша әр жеке позицияда аздаған ставкалар төмендеді. Позициялардың қатары бойынша құрамдастырылғын баждар ставкасы  (пайыздық ставка мен спецификалық ставканың үйлесуі) адволорлық ставкамен алмастырылды (тауардың кедендік құнынан пайызбен анықталады).

Импорттық баждар балыққа, кондитерлік өнімдерге, экзотикалық жемістерге, шырын шығаратын шикізаттарға, тропикалық майларға, полимерлі материалдардан жасалған құбырларға, маталар мен киімдердің кейбір түрлерне, құрылғыларға, тұрмыстық техникаларға және көліктерге, сонымен қатар кір жуғыш машиналар мен трактарларға, жиһаздарға, жылы жайларға басқа да тауарларға  төмендетілді.

Сырттан әкелінетін жаңа автокөлік құралдарына қатысты баждар Қазақстанда ақырындап төмендетілетін болады. Қазіргі уақытта жаңа автокөліктерге импорттық баждың орташа ставкасы 27,9 пайызды құрайды. Қазақстан БСҰ (Бүкіләлемдік сауда ұйымы) кіргеннен кейін ставкалардың мөлшері 13,3 пайызға төмендейді, осыған орай жыл сайын импорттық баждар 0,5-0,6 пайызға төмендетіліп, орташа шамамен 10,8 пайызға жетеді.

 

Жамбыл облысы бойынша МКД

Тауарлық номенклатура және кедендік

құн басқармасының басшысы

А. Ниязалиев