Кеден одағының сұрақтары бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар:
Біріншіден, 2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы Келісім-шартына сәйкес жеке тұлғалар тауарларды өз қажеттілігіне импорттаған жағдайда Қосылған құн салығынан (ҚҚС) босатылады.
Екіншіден,тағы да бірден-бір өзгерістердің бірі Үшінші елдерден импортталған тауардың ҚҚС және акцизді төлеу уақытын өзгерістер енгізу
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық Кодексі жаңа 51-3 бабымен толықтырылды, яғни үшінші мемлекеттерден тауар импортын асыратын сыртқы экономика қызметке қатысушылар (СЭҚ) келесі шарттарға сәйкес жанама салықты төлеу мерзіміне өзгерістер енгізуге құқылы:
1) осындай импортталатын тауарларды толық көлемде кедендік тазарту үшін кеден органына Кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген құжаттар табыс етілген;
2) егер тұлғалар уәкілетті орган белгілеген тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижесінде осы бапта көзделген, жанама салықтар бойынша төлеу мерзімін өзгертуді қолдануға құқығы жоқ тұлғалар санатына жатқызылмаған жағдайда жүргізіледі.
Осы бапқа сәйкес импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтарды төлеу мерзімін өзгерту салық органының Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес импортталатын тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару жүргізілген айдан кейінгі айдың 20-күнгі мерзім бойынша жеке шотта есептелген салық сомасын көрсетуі арқылы беріледі.
Сондай-ақ, импортталған тауарлар бойынша жанама салықты төлеу мерзіміне өзгерістер енгізу СЭҚ қатысуларшыларының тек Салық Кодексінің 623 бабына сәйкес мониторингке жататын үш жүз салық төлеушілердіңқұқығы бар екенін атап өтеміз.
Сонымен қатар, Салық Кодексінің 51-3 бабына сәйкес импортталған тауарлар бойынша жанама салықты төлеу мерзіміне өзгерістер енгізу және 2017 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыстағы Салық Кодексінің 249 бабына сәйкес импортталған тауарлар бойынша ҚҚС төлеу мерзіміне өзгерістер енгізу, 2008 жылдың 10 желтоқсанындағы №100-IV«Салық кодексін енгізу туралы» ҚР Заңының 49 бабқа сәйкес екі түрлі норма екенін білу қажет және олар бойынша әкімшілендіру жұмыстары да өзгеше.
Үшіншіден, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап «Ресей Федерациясының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларына салынатын қосылған құн салығы» (БЖК 105109)және «Беларусь Республикасының аумағынан әкелінетін кеден одағы тауарларына салынатын қосылған құн салығы» (БЖК 105110) кодтары біріктірілді. Сондай-ақ, бүгінгі күнге Кеден Одағы бойынша «ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығы» (БЖК 105115) қолданылады.
Төртіншіден, Қырғызстан Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразия экономикалық одақ туралы шартқа қосылуы 2015 жылдың 12 тамызында күшіне енді.
2014 жылдың 29 мамырындағы Еуразиялық экономикалық одағын құру туралы Келісім-шартына сәйкес бір мүше мемлекеттің аумағынан екінші мүше мемлекеттің аумағына тауарларды импорттау кезінде, тауар импортталатын мүше мемлекеттің салық органымен жанама салықтар өндіріп алынады.
Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттер аумағынан тауарларды импорттау кезінде салық төлеуші тұрған (тұрғылықты) жері бойынша салық органына келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей қағаз нұсқасында және электронды түрде не тек электронды түрде импортталған тауарлар бойынша жанама салық туралы декларацияны тапсыруға міндетті.
Аталған декларациямен бір уақытта салық төлеуші Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішті қағаз нұсқасында (төрт данада) және электронды түрде не тек электронды түрде салық органдарына ұсыну қажет.
Тауарды әкелу және жанама салықты төлеу туралы өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі (жанама салықтарды төлеу туралы банктің түбіртек, тауарға ілеспе құжаттар, келісім-шарт (мәміле), счет-фактуралар және т.б.). Декларация мен арызды электронды түрде тапсырған уақытта аталған құжаттар тапсырылмайды.
Алайда, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі қағаз жеткізгіштегі және электрондық түрдегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы қағаз жеткізгіштегі (төрт данада) және электрондық түрдегі өтінішті (өтініштерді)келесі жағдайда:
1) Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына көлік құралдарын импорттайтын жеке тұлғалар;
2) Қырғызстан Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағына қосылған құн салығын төлеуден босатылған және (немесе) оны Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен төлеудің өзге тәсілімен тауарларды импорттайтын тұлғалар,
3) тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішке өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенде,
4)импортталған тауарлар есепке қабылданған ай өткеннен кейін шартқа (келісімшартқа) қатысушылар осындай тауарлардың бағасын ұлғайту жағына өзгерткен жағдайдасалық төлеуші табыс етеді.
Импортталған тауарлар бойынша ҚҚС салық төлеушінің тұрған жері (тұрғылықты жері) бойынша келесі салықтық кезеңге дейінгі айдың 20-нан кешікпей төленеді. ҚҚС көлемі 12 % мөлшерінде.