Жамбыл облысы бойынша МКД КББ басшысы Т. Арысбаевтың бейнеконференцияда «контрафакт тауарларын (параллельді импорт)әкелу/әкету фактілерінің жолын кесу бойынша кеден органдарының тәжірибесі. Параллельді импортқа қатысты бәсекелерді қарастыру бойынша соттық тәжірибе» тақырыбында мақаласы.
Тараз қаласы 29 қыркүйек 2015 жыл
Кеден одағының Кедендік кодексінің 46 тарауына (328-333 баптарына), Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Кодексінің 53 тарауына (436-445 баптарына) сәйкес, кеден органдары зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне және Кеден одағына мүше-мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізілген, сондай-ақ, бұндай тізілімдерге енгізілмеген зияткерлік меншік объектілерінің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қолданады.
Кедендік процедураларға тауарларды жатқызуға қатысты кедендік операцияларды жүзеге асыру барысында зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері анақталған жағдайда қызметкерлердің іс-әрекеті жоғарыда аталған баптармен, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2010 жылғы 10 ақпандағы №47 және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2010 жылғы 24 ақпандағы №57 «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында Қазақстан Республикасының кеден органдары мен құзыретті органдарының өзара әеректтесу және ақпарат алмасу Тәртібін бекіту туралы» бірлескен бұйрығымен регламенттелген.
Сонымен бірге, белгілі болғандай, контрафакт тауарлары көбінесе кеден ісі саласында құқық бұзушылық объектілері болып табылатын, ұсталған және тәркіленген тауарда болады. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, құқықбұзушылық құрамын сапасын бағалау кезінде, кейбір нәрселерді (CD, DVD) қоспағанда, зияткерлік меншік құқықтарының бұзылу белгілері тексерілмейді, контрафакт өнімдерін анықтауға экспертиза тағайындалмай, бұзушылықтың толыққанды жаупкершілігіне әсер етеді.
2015 жылдың 30 наурызында Жамбыл облысы бойынша МКД КББ басшысының қатысуымен өткен зияткерлік меншік саласындағы құқықбұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және жолын кесу мәселесі бойынша Жұмысшы топтың отырысында бұл мәселелер, әсіресе қазақ-қырғыз шекарасындағы кедендік тосқауылдар алынған жағдайда, ЕАЭО елдерінің экономикасына, әсіресе Қазақстанның ынтасына нақты қауіп төндеретін факторлар көрсетілген.
Басқа елдердің өндіруші – құқығына ие тауар белгілерінің атын жамылып, контрафакт өнімдерін Қырғызстанның жеңіл өнеркәсіп өндірушілердің өз потенциалын, сондай-ақ, ЕАЭО сыртқы шекарасындағы Қырғызстанның өткізу пункттерінің қазіргі таңдағы кедендік инфрақұрылымының даму деңгейін ескерсек, ЕАЭО мемлекеттеріне ҚХР контрафакт тауарларының кіруіне жағдай ұлғаюда.
Осы Жағдайға сәйкес, құқыққорғау блогының құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік құзыретін мақсатты күшейтуді талап етеді. Контрафакт тауарларды және ҚР ҚК 198 бабы «Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiн заңсыз пайдалану, сол сияқты авторлық құқық және (немесе) сабақтас құқықтар объектiлерiнiң контрафактiлiк даналарын өткiзу мақсатында иемдену, сақтау, алып өту немесе дайындау не авторлықты иемденiп алу немесе тең авторлыққа мәжбүрлеу» бойынша құқықбұзушылық біліктілігінің толықтығын анықтау үшін, тауарлар мен тауар белгілері туралы ақпарат алудың қосымша көзі ретінде, контрабандалық тауарларға қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі дайындауды немесе тергеуді жүзеге асыратын лауазымдық тұлғалармен ҚР ҚМ МКК FTP- ресурсында үнемі жаңартылып және енгізіліп тұратын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімі қолданылады,
Ресімделген тауарлар декларацияларына жүргізілген талдау қорытындысы, Жамбыл облысы бойынша МКД қызмет аумағында негізінен зияткерлік меншік объектілерінің тізіліміне енгізілмеген тауарлар декларацияланатынын көрсетті.
2014 жылы тауарларды декларациялау кезінде 3 факт бойынша ҚР «ҚР кеден ісі туралы» Кодексінің 53 тарауымен (шығаруды тоқтату, декларацияланатын тауарлардың құқық иелеріне және тұлғаға ескерту) айқындалған шаралар қолданылған:
1) «Тараз-КРО» к/б-де №51512/120214/0000321 ТД бойынша «APPLE IPHONE 4 смартфондары (б/қ)» тауарларына қатысты құқықиелері өкілінің 19.02.14 жылғы рұқсаты негізінде тауар 20.02.14ж шығарылды;
2) № 51512/160914/0002473 ТД бойынша «CASE» тауар делгісінің зияткерлік меншік құқықбұзушылық белгісі анықталып, «CASE» тауар делгісінің құқықиесінің өкілінің «CASE» тауар делгісімен тауарларды ҚР аумағына әкелуге берген рұқстаы негізінде тауарлар шығарылды;
3) 13 дана «дауысзорайтқыш» тауарына қатысты «Hewlett-Packard» тауар белгісінің зияткерлік меншік құқықтарын бұзу белгілерімен (№ 51502/121214/0000522 ТД бойынша «Құлан» к/б) «Бейкер и Макензи Си-Ай-ЭС Лимитед» сенімді компаниясының рұқсаты негізінде 25.12.14г шығарылды.
2015 жылдың өткен кезеңінде тауарларды декларациялау кезінде «Маша и медведь» сағыз резеңке тауар белгісі бойынша зияткерлік меншік құқығын бұзу белгілері анықталды. № 51512/100415/0000715 ТД («Тараз-КРО» к/б) ресімдеу кезінде «Маша и медведь» тауар белгісі бар сағыз резеңкені шығару тоқтатылды. Тоқтата тұру декларацияның мәліметтерін тексеру кезінде КААЖ-2 ҚБҚ (ТУК) жүйесінде ТББЖ жүйесінің іске қосылуы негізінде жүзеге асырылған. Бұл факт бойынша «Маша и Медведь» тауар белгісімен әкелінген өнім контрафакт екені анықталды. «Тараз-КРо» к/б жүргізген жүмыстардың нәтижесінде әкімшілік іс қозғалып, Тараз қаласының Арнайы Әкімшілік соты 19.05.2015 жылы "Каз"ПрофЛес" ҚР ӘҚтК 158 бабында көзделген құқықбұзушылық жасап кінәлі деп танылып, жойылуға жататын тауарлардың тәркіленуімен, қырық АЕК (79280 тенге) көлемінде айыппұл салынды.
Қалған кеден бекеттерімен рәсімделген ТД бойынша зияткерлік меншік объектілеріне ТББЖ іске қосылған жоқ. 22.06.2015ж. жолаушылар ағымына кедендік бақылау кезінде, «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде ҚР азаматшасы Г. Ж. Тлембаева ұсталған болатын, одан оралған жылу беру радиаторында (кедендік бақылаудан жасырын) заңсыз шығарылған бейне және әуен өндірістері жазылған 1400 DVD және CD дисктері (авторлық құқықтары бұзылған) табылған болатын. Факт бойынша ҚР ҚК 198б. 3б. 2т. белгісі бар № 153100121000363 қылмыстық іс қозғалып, Мерке ауданының сотына айыптау қортындысымен жіберілген.
2015 жылдың өткен кезенінің ішінде кедендік блок бөлімшелерімен контрафактік өнімдерді әшкерлеу фактілері айқындалмаған.
Қазақстан және Кедендік одақ мемлекеттерінің Қырғыз елімен экономикалық интеграциясының көп жылдық жұмысы өзінің логикалық аяқтамасына жетті, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Евразиялық экономикалық одақ форматтағы жұмысы басталды.
Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Евразиялық экономикалық одақ Келісіміне (ЕАЭО) қосылуы, Қырғызстанның ЕАЭО Келісіміне қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Келісімін ратификациялау рәсімінен кейін іске асырылды. 29.05.2014ж. Қырғыз Республикасының ЕАЭО Келісіміне қосылуы туралы 23.12.2014 жылғы Келісімнің 6,7 баптарына сәйкес, Жоғарғы Евразиялық экономикалық кеңесінің 08.05.2015ж. №5 және №6 шешімдерімен, ҚР ҚМ МКК 12.08.2015ж. №487 бұйрыығымен 2015 жылғы 12 тамызынан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында қазақ-қырғыз учаскісі арқылы тасмалданатын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты, сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе тасмалы кезінде аэропорттарда кедендік бақылау алынып тасталынды.
Қалыптасқан шарт іс жүзінде іске асыру тарихи шешімдер құру бойынша, ұлғаюы және жұмыс істеуі бойынша ЕАЭО «дөңгелек столының» берілген тақырыбында контрафактілік тауарлардың айналымнан алынуына және өтіп кетуіне қарсы әрекет жасауға қолайлы шешім және механизмнің айқын өзекті шешімін көрсетеді. Қырғыз елімен шекаралас өткізу пунктерінде кедендік бақылаудың жойылуымен, Жамбыл облысы аймағында қосымша импульсті, өкілеттілікті және мотивацияны, біздің ойымыз бойынша, шекара қызметкерлері алуы қажет, ал аумақтың терендігінде – тұтынушының құқықтарын қорғау Комитетінің құрылымдары,Әділет Министірлігінің органдары, Мемлекеттік кірістер Комитетінің салық және құқық қорғау блоктары, мысалға «Атамекен» ұлттық кәсіпорын палаталары сияқты үкіметтік емес ұйымдардың бөлімшелері және филиалдары қадағалау қажет.
Және де, Қырғыз Республикасының ЕАЭО қосылуына байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтың ережелеріне кіретін, Қырғыз еліне өзімен алынған халықаралық шарттар бойынша міндеттерін орындауына ерекше сенім артылуда, оның ішінде интелектуалдық жеке меншіктің объектілері болып келетін тауарлардың айналымы мен кіру, шығу ережелерінің регламентің сақтау.
Назар аударып тындағандарыңыз үшін алғыс білдіремін!