Мемлекеттің мәртебесі мен оның халқының болашағына зияны күшті жемқорлықтың жолын кесіп, жою әрбір мемлекеттік қызметкер мен әр азаматтың міндетті борышы екені Еліміздің бірқатар заңнамаларында да көрсетілген.
Ұрпақ санасына ендеп еніп келе жатқан жегі құртты жою үшін өз ішіміздегі пиғылы уланған қызметкерлерден тазарту үшін Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті жеке құрамның арасында өткізілетін кадрлық-тәрбиелік жұмыстарына ерекше назар аударып, олармен заңнама талаптарына сәйкес күрес жүргізуді пәрмен санайды.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары мемлекеттік органдардың беделіне үлкен зиян келтіретін қылмыс екені және оның зардабының да қаншалықты ауырлығын мемлекеттік кірістер органдарының жеке құрамы мен олармен байланыстағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға да түсіндіруден жалыққан емеспіз.
Елбасының Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының алдына қойған мемлекеттік органдардағы кадрлық құрамды жақсарту және жұмыстарды түпкілікті өзгерту туралы талаптарын орындау үшін және құқық қорғау органдарының кадрлық бөлімшелерінің рөлін жоғарылату мақсатында Департамент басшылығының тапсырмасымен Ішкі қауіпсіздік басқармасының мұрындық болуымен барлық құрылымдық бөлімшелерді жұмылдыра отырып, маңызды істер атқарылуда.
Атап айтар болсақ, мемлекеттік кірістер қызметіндегі басқару жүйесін жетілдіру, заманауи талаптарға сәйкес құрылымдарды жасақтау, қызметке қабылдау кезінде сапалы жинақтау механизмін қалыптастыру, кадрлық резервтерді жасақтау, сыбайлас жемқорлықпен күрес, тәлімгерлік жұмыс, кадрларды дайындау және олардың біліктілігін арттыру шаралары оңды жолға қойылған.
Осыған байланысты, Департаментте Елбасының негізгі тапсырмаларын іске асыру шеңберінде келесі шаралар қабылданда.
Кадрлық жұмыстарды ұйымдастыру тәсілдері қайта қарастырылып, басшылық лауазымдарға жеткілікті жұмыс тәжірибесі және біліктілігі жоқ тұлғаларды тағайындау фактілерін болдырмау туралы ұсыныс жасау. Бұл шешім лауазымға тағайындалғанда басты назарда болуы керек. Кадрлық резервпен жұмыстардың сапасы жақсарды, басқарма, бөлім, кеден бекет басшылығына және жауапты лауазымдарға резервтен тыс тұлғаларды тағайындауға жол берілмейді. Осы жұмыстардың ашықтығы және айқындығы қамтамасыз етіліп, құқық қорғау органдарында қызметтен өту ретін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және қосымшалар енгізілуіне байланысты кадрлық жұмыстарды әрі қарай жүйелі түрде реттуге бағытталған шаралар ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Жамбыл облысындағы департаментімен екі жақты келісім арқылы жүргізілуде.
1. Қызметкерлердің дайындық сапасын жоғарылату, қызметтің беделін көтеру және оң имиджін қалыптастыру;
2. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды немесе басқа құқық бұзушылықтарды жасаған қызметкерлерді тағайындауға немесе тағайындауға ұсынған басшылардың және де басқа лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін енгізу;
3. мемлекеттік кірістер жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қатаң қарсы шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының белсенділігін арттыру. Ішкі қауіпсіздік қызметінің қызмет тиімділігін жоғарылата отырып, қызметкерлермен жасалған құқық бұзушылықтарды бағалағанда әділеттілікті және қағидаттылықты сақтау;
4. Мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін көтеру үшін шаралар қабылдау. Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамаларымен мемлекеттік кірістер органдарының барлық лауазымды тұлғаларына және үміткерлеріне қабылданған міндеттердің және шектеулердің сақталуына бақылауды қарастырған кешенді шаралар қабылданды.
Ағымдағы жылы Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастамасымен Жамбыл облысындағы құқық қорғау органдарымен бірігіп Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу Жоспары жасалып, бекітілді. Осы Жоспар аясында қазіргі таңда тығыз қарым-қатынас орнатылып, өзара ақпарат алмасу жұмыстарын жүргізу жүйелі жолға қойылған.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қойылған міндеттердің орындалуын және лауазымды тұлғалардың қылмыстық топтармен бірігу фактілерін болдырмау мақсатында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлық санатына жататын іс-әрекеттерге және құқық бұзушылықтарға бейім лауазымды тұлғаларға есеп жүргізеді. Бұған қоса бұрынырақ мемлекеттік кірістер органының қызметкері атына дақ түсірген тұлғалар да, кадрларды жинақтау және орналастыру мәселелері қарастырылғанда осы ақпаратты пайдалану үшін есепке алынады.
Жыл басынан бері Департаменттің жеке құрамы арасында 35 алдын алу шаралары өткізілді. Орталық және жергілікті БАҚ-тарға түсіндірме жұмыстары жарияланды. Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістердік бақылау департаментінің қызметкерлерімен жеке және жалпылама сұқбаттар берілді.2015 жылдың 30 сәуірінде Кордай өңірінде Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастамасымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты акция жүргізілді. Бұл акцияның негізгі мақсаты
Біздің мақсат, бас салып қылмыстық іс қозғап қамаққа алу емес, әуелі ескерту жасап, зардабын түсіндіру. Қазіргі уақытта заң шығарушы органдар бүкіл ұрпағының сүйегіне таңба болу үшін қатаң шаралар қабылдауды қолға алуда. Бұл дегеніңіз ұрпақтың үлкендерге деген ұлғаттығының жоғалуы деген сөз. Ал ол, қасырет қой алдыңғы толқындар үшін. Сондықтан, осындай өшірілімес, әрі ұрпақ алдында кешірілмес әрекетке бармауды ойлайық.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары тарапынан заңсыз іс-әрекеттерге ұшырасаңыз, ақпаратты (арыз, шағымдарды) Ішкі қауіпсіздік басқармасына тікелей 34-75-36 санды телефонына және «uvb.jambul@mail.ru» электронды мекен-жайына хабарлауыңыз болады.
Сондай ақ, Тараз қаласы, Төле би көшесі, №81 үй мекен-жайына, немесе тәулік бойы 34-75-38 санды сенім телефонына хабарласу мүмкін.