
«Чек талап етіп – жүлде ұтып ал!» Акциясының
1-кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау
2018 жылдың 17 шілдесінде Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде «Чек талап етіп – жүлде ұтып ал!» Акциясының 1-кезеңінің Жамбыл облысы бойынша мамыр-маусым айларының жеңімпаздарына салтанатты түрде бағалы жүлделерді тапсыру рәсімі өтті.
Сыйлықтардың бақытты иегерлері болып Тараз қаласының тұрғындары Виктория Ивановна Бирюкова, Сұлтан Ерланұлы Жанысбаев және Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылының тұрғыны Гүлжан Сауытбекқызы Ешетова атанды.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Нұрғали Құдайбергенов жеңімпаздарды құттықтап, Оңтүстік Кореяда шығарылған бумен пісіру пешін табыстады. Құттықтау сөзінде Н. Құдайбергенов жеңімпаздарды Акцияға белсене қатысқандарына алғыс айтып, супержүлде - жеңіл автокөлікті ұтып алуына тілектес болды. Сонымен қатар, Акцияға қаншалықты көп фискалды чектердің қатысқаны сайын, бас жүлде - жеңіл автокөлікті ұтып алу ықтималдығының зор екендігін атап өтті. Жеңімпаздарға туған-туысқандарын, дос-жарандарын тарту арқылы Акцияға қатысушылар санын көбейту туралы тілек айтылды.
Марапатаушылардың бірі, Гүлжан Сауытбекқызы Ешетова Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығына сыйлықтар үшін алғысын білдіріп, Акцияға белсенді қатысып жүргендігін хабарлады. Акция өткізу - азаматтардың салық мәдениеттілігін арттыру үшін және көлеңкелі экономикамен күрестің алдын алуы болып табылатындылы аталып өтті.