Date of publication: 05.07.2018 13:05
Date of changing: 05.07.2018 13:07
Астана күнінің 20 жылдығына орайластырылған ант қабылдау рәсімі
 
      Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің  Экономикалық тергеу қызметі Астана күнінің 20 жылдығын тойлау қарсаңында жас қызметкерлермен толықтырылуына байланысты салтанатты ант қабылдау рәсімін ұйымдастырды. Жас мамандар салтанатты жағдайда, Отан қарғаушылармен бір сапқа туру үшін Отан алдында ант қабылдады. Дәстүрге сай рәсім жеке құрамның сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының байрағын марш үнімен шығарылудан басталды. Ары қарай ЭТҚ-нің басшысы жас мамандарға ант қабылдаудың маңыздылығын, мағынасын және оны орындау кезінде, қызметтік борышты орындау барысында өздеріне үлкен жауапкершіліктің алынғанын түсіндірді.
       Сонымен қатар Экономикалық тергеу қызметінің басшысы ЭТҚ жеке құрамын Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтап, барлықтарына зор денсаулық және еңбектеріне жеміс тіледі.