Date of publication: 26.06.2018 17:55
Date of changing: 26.06.2018 17:58
Дүниежүзілік экономикалық форумдағы (ДЭФ)
Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілік мақсатына жету бағытын жақсартуға қол жеткізу бойынша деңгейі
 
      Ағымдағы жылдың 21 маусымы күні, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметі «Ұйымдасқан және ұйымдасқан трансұлттық қылмыспен, сонымен қатар адам сату қылмысына байланысты қылмысымен күрес жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
      Бас қосуға мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері яғни атап айтар болсақ Жамбыл облысының ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотынан: А. Тілепов, облыстық ҰҚКД-ның 5 басқармасының басшысы-Е. Утибаев, Ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес жүргізу басқармиасының басшысы-   Д. Аюпов, «Болашақ қоғамдық ұйымының» төрағасы-Г. Калиева, «Феникс» Сотталғандарды оңалту орталығы» төрағасының орынбасары - Ф. Камардинов қатысты.
       Бұл іс-шара негізінен 2018-2019 жылдарға арналған дүниежүзілік экономикалық форумдағы жаһандық бәсекеге қабілеттілік мақсатына жету бағытын жақсарту шараларының жоспарындағы 50.7 тармағының талаптарына сәйкес өткізіліп, жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің жаңа индикаторларымен алға ұмтылу жолдары талқыланды.
        Жиынды жүргізуші қатысушыларға Еліміздің қолданыстағы Жоспарды іске асыра отырып, 2018 жылғы Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ) жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіндегі 57-ші орыннан 45-ші орынға көтерілуді меңзеп отырғандығы туралы жеткізді. Өткен жылғы рейтинг бойынша 138 мемлекеттің ішінде Қазақстан қазіргі уақытта 57 орынға табан тіреген. Қолдағы бар стаистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан биылғы жылы өте жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу арқылы өз деңгейін көтеретін болады.
      Дөңгелек үстелдің тақырыбы төңірегінде салиқалы пікірлер айтылып, осы бағыттағы жұмыстарды жақсарту жолдары қарастырылды. Бұл жиындағы негізгі нәтиже, келісіп пішілген тонның келте болмайтындығына көз жеткізілді.