Date of publication: 18.06.2018 09:26
Date of changing: 18.06.2018 09:31
Құрметті салық төлеушілер!
 
      Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» № 351-IV Заңына сәйкес биоотынды сату ілеспе жүкқұжаттарын ресімдеумен жүзеге асырылуға тиіс. Ілеспе жүкқұжат – жөнелтушіден алушыға дейінгі бүкіл жолында биоотынның қозғалысын бақылауды жүзеге асыруға арналған, биоотынды босату мен қабылдау жөніндегі операцияларды ресімдеуге қажетті бірегейлендірілген құжат (бұдан әрі – БІЖҚ).
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 505 бұйрығыменен Ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу қағидалары бекітілді.
БІЖҚ "Салық төлеушінің кабинеті" интернет-ресурсы (web-қосымша) арқылы электрондық түрде мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде ресімделеді.
     БІЖҚ-де мынадай деректер көрсетіледі: БІЖҚ нөмірі; ресімдеу күні және уақытты; операцияның коды; биоотынды жеткізушінің атауы, оның заңды мекенжайы және орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша мемлекеттік кірістер органның коды (жеткізушінің ЖСН/БСН енгізу кезінде бағдарлама автоматты түрде береді), тиеп жөнелту мекенжайы (қолмен толтырылады); көліктің түрі; санның жиыны (тоннада); өнімнің құны (теңгеде) (ішкі өткізу кезінде толтыру міндетті емес) және де басқа деректер.
    БІЖҚ уәкілетті органның серверіне жіберілгеннен кейін жеткізуші қағаз тасығышта екі данада басып шығарады (импорт кезінде – алушы қағаз тасығышта бір данада басып шығарады) және жеке кәсіпкердің қолымен немесе заңды тұлға басшысының қолымен расталады.
   Тасымалдаушының (жүкті жөнелтушінің, алушы өкілінің) Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтері көрсетілген, қол қойылған қағаз тасығыштағы БІЖҚ-тың бір данасы жеткізушіде қалады (биоотынды импорттауды қоспағанда).
БІЖҚ-тың екінші данасы тасымалдаушыға (жүкті жөнелтушіге, алушы өкіліне) биоотынды межелі орынға дейін тасымалдау үшін беріледі (биоотынды импорттауды қоспағанда).
    Биоотынды межелі орынға дейін жеткізгеннен кейін биоотын алушы тасымалдаушыдан БІЖҚ екінші данасын алады (биоотынды импорттауды қоспағанда).
БІЖҚ-ты алушылар БІЖҚ және биотынды алғанын растау жолымен электрондық түрде уәкілетті органға ұсынады немесе бағдарламада БІЖҚ-ты ресімдеген күннен кейін күнтізбелік жиырма бес күн ішінде бас тартады.
    Бағдарламада БІЖҚ-ты растауды алушы биоотынды алғаннан кейін және ІЖҚ-та көрсетілген деректермен алшақтық болмаған кезде жүзеге асырады.
    Биоотынды экспорттау және түпкілікті тұтынушыға өткізу кезінде бағдарламада алушының БІЖҚ растауы талап етілмейді.