Date of publication: 07.09.2015 09:48
Date of changing: 07.09.2015 09:49

   Биыл, Ата Заңымыз – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына биыл 20 жыл толды. Осы өткен қысқа мерзім ішінде еліміз өз тәуелсіздігін орнықтырып қана қоймай, оны одан әрі нығайтып, әлем таныған іргелі мемлекетке айнала білді. Қазақстанның жүзеге асырған экономикалық, әлеуметтік, саяси  қайта құрулары мен қол жеткен жетістіктері түгелдей Конституциямызбен тығыз байланысты екені күмәнсіз.      

         Қасиетті мейрамды ресми түрде атап өту мақсатында, ағымды жылдың 28-тамызы күні Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратында салтанатты жиын болып өтті. Арнайы осы мейрам күні, көп жылдан бері салық, кеден қызмет атқарған және өз еңбегінде үздік нәтижелеріне жеткен үшін, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бір қатар қызметкерлеріне құрмет грамоталары тапсырылды.   

        Департамент басшысы А.Тынысбеков өз  құттықтау сөзінде, еліміздің Ата Заңы жүздеген жылдар бойы қалыптасқан адамзат баласының жалпы құндылықтарын өз бойына сіңіре отырып, адамдардың табиғи құқықтары мен бостандықтарын, билік институттарын демократиялық жолмен қалыптастыру және дамытуды, Қазақстан аумағында азаматтық қоғам құру туралы дүниежүзі таныған прогрессивті идеяларын бекіткенін атап өтті.

      Осы жұмыстарды атқару барысында, Мемлекеттік кірістер органдарының үлесі де аз емес. Күнделікті барлық қызметкерлер Қазақстан Республикасы Конституциясын 35 бабында бекітілген тапсырмасын орындау мақсатында, ел қазынасын толтыру міндетін белсенді атқаруда. Осыған орай, құттықтау рәсімі «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерекелі медальдарын табыстыруынан басталды. Аталған медальдар Жамбыл облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшылары

С. Палвановаға., Б.Асанбековке.,бөлім басшысы Кенжебековке К., бас маман Асабаевқа Ж.,бас маман-аға тергеуші Габоевке А., Байзақ ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Дондаевқа М., тапсырылды.                                                                        

     Сонымен қатар, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, аумақтық Мемлекеттік кірістер басқармаларының, кеден бекеттерінің және экономикалық тергеу қызметінің лауазымды тұлғалары мереке қарсаңында арнайы Қазақстан Республикасының Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.

     Басты құжаттың 20 жылдық мерекесі қарсаңында салық, кеден және экономикалық тергеу қызметтерінің ардагерлері  Мисиров М, Сейдазимов М., Бекмухамбетова М, Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының Құрмет грамоталарымен марапатталып, құрмет көрсетілді.

         Жамбыл  облысы бойынша Мемлекеттік кірістер  департаменті