Date of publication: 27.08.2015 12:14
Date of changing: 27.08.2015 12:18

                     Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2014 жылы 30 қыркүйектегі № 420 бұйрығына сәйкес "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер енгізілді.

         Осыған орай 01.07.2015 жылдан өндірістік емес төлемдердің жер салығы бойынша БСК 104301-ден  104308 дейін бірігіп, (104302 қоспағанда) БСК 104309 «Елдi мекендердің жерлерiне жеке тұлғалардан алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы» аталды.

            Республикалық бюджетке төленетін тіркелгені үшін алымдар бұрынғы БСН (105416,105421,105423,105426,105427)  бірігіп, БСК  105428 түседі.Сол сияқты, жергілікті бюджетке төленетін тіркелгені үшін алымдар бұрынғы БСК (105401, 105403, 105405, 105414, 105418) бірігіп, БСК  105429 түседі.

Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиілікті қондырғыларды мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым БСК  105412  01.07.2015 ж алып тасталды.

        Республикалық бюджетке төленетін мемлекеттік баж, бұрынғы БСК ( 108103, 108111, 108113,08114,108115,108116,108118,108119,108120,108124) бірігіп,  БСК  108125 төленеді.

         Жергілікті бюджетке төленетін мемлекеттік баж, бұрынғы  БСК  (108103, 108111, 108113, 108114, 108115, 108116, 108118, 108119, 108120, 108124) бірігіп, БСК  108126 төленеді.

 

                                                                              Жамбыл облысы бойынша МКД-ң бас маманы

Сарсенбаева Р.А