
«Чек талап етіп – жүлде ұтып ал» Акциясының 1-кезеңінің
қазан айының ұтыс ойыны
2017 жылдың 7 қарашасында Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Чек талап етіп – жүлде ұтып ал» Акциясы аясында ұтыс ойынын өткізіп, 1-кезеңінің қазан айының үш жеңімпазын кездейсоқ сандардың электронды регенирациясы арқылы анықтады.
Ұтыс чектерінің иегерлері болып 29.10.2017 ж. № 5439739 ID чегімен Айдана, 31.10.2017 ж. ID чегтерімен № 5468299 және ID чегімен № 5469619 Еламан атанды.
"Чек талап етіп - жүлде ұтып ал!" Акциясы ҚР «Атамекен» ҰКП және ҚР ҚМ МКК 2017 жылдың 1 мамырынан бастап 30 қарашасына дейін өткізілетін жалпы республикалық іс-шара болып табылады.
«Чек талап етіп – жүлде ұтып ал» Акциясының 1-кезеңінің ақтық мәресі қараша айының 30 жұлдызында аяқталады.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, облыс тұрғындарын осы Акцияға белсенді түрде қатысып және 2017 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өтетін басты ұтыс өз Автомобильңізді ұтып алу мүмкіншілігін жіберіп алмауыңызды ескертеміз.