Date of publication: 01.11.2017 10:43
Date of changing: 01.11.2017 10:46

     Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 230 қаулысымен бекітілген Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне, төлеушінің – кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектің, өсімпұлдардың есебіне өткізу қағидаларының 6-тармағына сәйкес салық төлеуші салық міндеттемесін орындау кестесін бұзған және (немесе) салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алуды қолдану туралы қаулы шыққан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік кірістер органы борышкер және оның мүлкі туралы мәліметтерді дерекқорға енгізетінін хабарлайды.
     Бұл ретте жаңа Қағидалары шегінде www.gosreestr.kz порталында «Борышкерлердің мүлкін сату бойынша электрондық дерекқоры» өнеркәсіптік пайдаланымға берілгенін атап өтеміз