
Ойын автоматтарын жою
2017 жылдың 22 қыркүйегінде Шу қаласында Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел тергеу іс-шаралар барысында тәркіленген 42 дана ойын автоматтары жойылды.
Ойын автоматтары заңсыз ойын бизнесі объектілер ретінде Ұ. Б. Бақбергенге, Е. К. Алданазаровқа және А. С. Худаеванікі тиесілі болатын.
Шу қаласы сотымен 10.07.2015 ж. № 1-103/15 Ұ. Б. Бақбергенге, 27.03.2015 ж. 1-34/15 Е. К. Алданазаровқа және 23.05.2017 ж. № 1-138/17 А. С. Худаеваға ҚР ҚК 307 бабының 1 бөліміне сәйкес үкім шығарылып және ойын автоматтары - заттай дәлелдемелер, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 118 бабының 1 және 2 бөлімдеріне және «Соттардың, прокуратура, алдын-ала тергеу, анықтау сот сараптамасы органдарының қылмыстық, азаматтық iстер жөнiндегi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық iстерi туралы құжаттарды, заттай дәлелдемелердi алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртiбi туралы» Нұсқаулықтың 6-тарауының 74 бабына сәкес жойылды.