
9 айдың жұмысы қорытындыланды
Бүгін, 2017 жылдың 12 қазанында Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жамбыл облысы бойынша МКД 2017 жылдың 9 айының жұмыс қорытындысы, 2017 жылдың 4-тоқсанының міндеттері» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингке Жамбыл облысы бойынша МКД басшысының орынбасарлары - Ерлан Ролланұлы Өмірзақов, Нұрлан Аманкелдіұлы Шабдар және Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Сағадат Әбдезқызы Палванова қатысты.
2017 жылдың 9 айының жағдайы бойынша Мемлекеттік бюджеттің салықтар мен кеден төлемдерінің орындалуы 118,4 пайызды құрады. Болжам – 49647,1 млн. теңге болса, нақты түсім 58789,2 млн. теңге, немесе 9142,1 млн. теңгеге артық түсті.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер Комитетінің жаңа талаптарына сәйкес, яғни экономикалық тергеу қызметінің тарапынан қылмыстық қудалау шеңберіне заң силайтын кәсіпкерлерді араластырму және олардың ісен заңсыз араласпау мақсатында бірталай іс шаралар атқарылған.
Осының салдарынан әрбір сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелместен бұрын барлық құжаттар егжей тегжейлі ЭТҚ тарапынан зерделеніп, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан рұқсат алынған соң тіркеу үрдісі қалыптасты.
Бұл жағдай өз кезегінде тергеудің сапасын арттырумен қатар, заң силаушы кәсіпкерлерді болмашы оқиғалар бойынша мазаламауды оның нәтиежесінде заңдылықты сақтауды арттырған.
2017 жылдың 9 айына Жамбыл облысы бойынша МКД Экономикалық тергеу қызметінің тергеу өндірісінде 135 қылмыстық іс болған. СДБТК (ЕРДР) 104 қылмыстық іс тіркелген.
Анықталған фактілердің көпшілігі мынадай санаттағы құқық бұзушылықты құрайды:
- Алаяқтық (ҚР ҚК-інің 190 бабы)- 30 қылмыстық іс;
- Бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (ҚР ҚК-інің 189 бабы)-8 қылмыстық іс;
- Салықтық құқық бұзушылықтар (ҚР ҚК-інің 244,245 баптары) - 7 қылмыстық іс;
- Бақылау акциздік маркалары мен акцизедлуге жататын тауралардың заңсыз айналымы,акциздерді қолдан жасау (ҚР ҚК-інің 233 бабы) – 3 қылмыстық іс;
- Есірткі заттарының заңсыз айналымы (ҚР ҚК-інің 286,296,297 баптары) - 3 қылмыстық іс.
2017 жылдың 9 айында кедендік қатынаста 186 СЭҚҚ ресімдеу жүргізді. Сонымен бірге КТ мен С жалпы соммасы 6,0 млрд. теңгені құрады.
2017 жылдың 9 айында 3 375 кедендік декларация ресімделген. Оның ішіндегі 4 көлік құралдарына арналған кедендік декларация (КҚТД), 1 636 импорттық тауарларға арналған декларация (ТД), 47 транзиттік декларация (ТД), 1 449 экспорттық тауарларға арналған декларация (ТД), жолаушылар кедендік декларациясы (ЖКД) ресімделген жоқ.
Есепті кезеңде импорттың негізгі тауарлар құрылымы келесі көріністе:
2017 жылдың 9 айындағы импорт:
- Азық-түлік тауарлары 36,9% (оның 88,5 тросниктік қант-шикізаты), аяқ киім, бас киім және галантереялық өнімдер 27,2%, шыны және одан жасалған өнімдер, інжу, қымбат металдар, асыл тастар, бижутериялар 18,9%, химия өнеркәсіптік өнімдер 6,0%, машиналар, қондырғылар, көлік құралдары, приборлар, аппараттар 5,9%.
Есепті кезеңде экпорттың негізгі тауарлар құрылымы келесі көріністе:
2017 жылдың 9 айындағы экпорт:
- химия өнеркәсіптік өнімдер 86,7% (табиғи уран концентраты, сары фосфор, аммофос), текстиль 7,7%, минералдық өнімдер 1,6%, металдар және одан жасалған өнімдер 1,5%, азық-түлік тауарлары 1,2%.
2017 жылдың 9 айында Жамбыл облысы бойынша МКД-нің импорт бойынша негізгі сауда серіктестері:
– Қытай 32,9%, Бразилия 25,1%, Куба 7,5%, Өзбекістан 4,4%, АҚШ 3,3%.
2017 жылдың 9 айында Жамбыл облысы бойынша МКД-нің экпорт бойынша негізгі сауда серіктестері:
- Қытай 55,7%, АҚШ 8,7%, Канада 8,5%, Германия 6,2%, Чехия Республикасы 4,7%.