Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс
жерлерде тұрған мүлiктi жария ету
2014 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлікті жария етуіне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа еңгізілді. Осы Заңның күші 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздеріне тиесілі болған және өздері алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектілеріне қатысты қолданылады.
Мүлікті жария етуге мынадай мүлік:
1) ақшалар;
2) құнды қағаздар;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі;
4) оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік (ғарыш объектілерінен және магистральдық құбырлардың желілік бөлігінен басқа);
5) құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);;
6) Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жатады.
Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететін жария ету субъектілері мемлекеттік кіріс органына мынадай құжаттарды:
Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету комиссияға, мемлекеттік кіріс органына жария ету субъектілерінің мынадай құжаттарды:
1) екi данада мүлiктi жария етудi өткiзуге арналған өтiнiштi;
2) өтінішті берген кезде түпнұсқасын көрсету арқылы жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн;
3) Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша – осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
4) эмитенттерi шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздар бойынша – бағалы қағаздар; бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшірменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгіленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;
5) мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады. Бұл ретте, егер мүліктің құны шетел валютасында көрсетілсе, онда мұндай құн Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен, өтініш берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша қайта есептеледі;
6) алымды төлегенін растайтын құжатты ұсынады.
Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi немесе эмитенттері шет мемлекетте тіркелген бағалы қағаздарды немесе шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлестерін жария еткен кезде өндіріліп алынады.
Алым Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүліктің сатып алу құнының немесе бағалау құнының он пайызы мөлшерінде және мүлiктi жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейін төленеді.