«Көленкелі табыстармен» қарсы жұмыстар жүргізу және кассалық операциялар арқылы түскен қаржы сомаларын индексінің тынықтығын ұлғайту мақсатында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасы аумағында 2015 жылдың 1 сәуірі мен 30 қарашасы аралығында«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» ұранымен акцияұйымдастыруда.
Аталған акция жалпы республикалық іс-шара болып табылады және ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексі негізінде әзірленген.
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!»Акцияның негізгі мақсаты:
- азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату;
- халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру;
- азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқығын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу;
- Қазақстан Республикасы заңдылығы бойынша салық төлеушілерді және қоғамды бақылау-кассалық аппаратын пайдалануды талап етілетіндігін ақпараттандыру;
- бақылау-кассалық машинаны қолданысқа енгізу арқылы Қазақстандағы салық төлеушілер арасында салық тәртібін талап ету негізінде бюджетке салық түсімдерін көбейту.
- көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту;
- кәсіпкерлер арасында шынайы бәсекегеынтыландыру.
Акцияға қатысушылар – акция жүргізу кезінде тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алғанын акцияны ұйымдастырушыларына тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алған кезінде берген түбіртектерді табыстау жолымен дәлелдеген Қазақстан Республикасының азаматтары.
«Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акцияны республика деңгейінде ұйымдастырушы болып ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті болып табылады, облыс және республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде ұйымдастыру міндеттері Мемлекеттік кірістер департаменттеріне жүктелген.
Сонымен қатар «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» Акциясына қатысуға кейбір тұлғаларға шектеу қойылған, атап айтқандаакцияға мүлдем қатысуына құқы жоқтар:
- мемлекеттік кірістер органы қызметкерлері;
- заңды және жеке тұлғалар – кәсіпкерлер өздерінің атынатіркелген бақылау-кассалық машинаныңтүбіртектері бойынша.
Акция ұйымдастырушылардың негізгі міндеттері болып саналатын, ол «сенім телефоны» қызметін қамтамасыз ету және бақылау-кассалық машинадан түбіртек бермеу туралы халықтан түскен ақпаратты өңдеу.
Акцияға қатысу үшін Қазақстан Республикасының азамат (ша)кассалық түбіртегін ұтыс купондарына айырбастайды. Бақылау-кассалық машиналардың түбіртектерін ұтыс купондарына айырбастау пунктері аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимараттарында орналасқанын ескертеміз.
Бұл ретте бақылау-кассалық машинасының 10түбіртегіне бір ұтыс купоны беріледі
Бақылау-кассалық машинасының түбіртегі акция бір рет қана, акцияның жүргізу кезіндегі 2015 жылдың 1 сәуірден бастап 30 қараша дейін кез келген айында қатыса алады.
Акция үш кезең бойынша өтеді:
- бірінші кезең аудан деңгейінде, қала ішіндегі аудандарды қоса алғанда, сондай-ақ аудандар бойынша аумақтық бөлінулері жоқ қалалар.
- екінші кезең облыстық деңгейде, республикалық маңызы бар қалаларда;
- үшінші кезең республикалық деңгейде.
Акцияның этап жеңімпаздары купондарды кездейсоқ ойнату жолымен жариялы түрде анықталады, сонымен бірге жеңімпазды анықтау кезінде кәсіпкерлер қоғам бірлістіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкелері және «Нұр-Отан» партиясының мұшелері ойнатуына қатысады.
Әр этаптың жеңімпазы облыстық МКД басшысының Құрмет грамотасы және бағалы жүлдемен марапатталады.
Ағымды жылдың желтоқсан айының 9-шы және 15-ші жұлдыздар аралығында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде қарашы айында өткізілген облыстар этаптардың жеңімпаздары арасында қорытынды купондар ойнату өткізіледі, осы ойнату арқылы анықталған жеңімпаз, жалпы Республика бойынша акцияның ұтыскері болып есептеледі.
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті